ҚЎлпыбаев с


Алымдар, баждар, төлемақылар



бет132/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

12.15. Алымдар, баждар, төлемақылар.

Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары – алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді (12 параграфты қараңыз). Бұл төлемдердің мемлекеттік бюджеттің кірістерінде үлес салмағы шамалы орын алады – 4%-ға жуық.


Фиксалдық жүйенің саралануы және дамуы қаржыгерлерде көптік қағидатының, яғни экономикалық және әлеуметтік сфераларды басқарудың барлық деңгейлерінде міндетті, бұлтарттпастық, директивалық тәртіпте әр алуан үдерістерді қаржылық қатнастардың қамтуының болуымен байланыстырады. Бірақ егер бұл қатынастардың өздері макро деңгей реттелініп негізгі жүйе құрушы салықтарды төлеумен байланыстырылса, онда төменгі деңгейлерде – шағын бизнесте, үй шаруашылықтарында, дара кәсіпкершілікте - бұл үдерістер, айтарлықтай дәрежеде, алымдар, төлемақылар, баждар және басқа өндірістік емес төлемдер арқылы қамтамассыз етіледі.
Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Жергілікті бюджеттерге еептелетін алымдарды төлеу көбінесе қаржылық аспектілерді де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдерді және тіркеу­лерді, объектінің, қызметтің және т.б. белгілі бір халін белгілеуді ресімдеумен байланыстыларды да қоса, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Қазақстанда төленетін мына төлемдерді бөліп көрсетуге болады: мемлекеттік баж; тіркеу алымдары авто көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радио жиілік спекторін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуан­ды­ғы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған опера-циялар қаржылық қатынастардан кәдуілгі тауар-ақшалай қатынастарға түрленіп отырған рыноктық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің фискалдық және тарифтік-бағалық сипатының үйлесуі өте-мөте өрістеді. Мұндай ақылы қызметтердің шеңбері, мысалы Жол полициясының алымдарын, өлшем мен өлшеуіш приборларды тексергені және таңбалағаны үшін алымдарды, басқа бірқатарларын кіріктіреді.
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК мөлшеріне негізделе отырып есептеледі.
Қаралып отырған төлемдердің катарында ресурстар үшін төлемақылар бөлініп көрсетіледі: жер учаскелерін пайдаланғаны; қоршаған ортаға эмиссиялар үшін; жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны; орманды пайдаланғаны; жануарлар дүниесін пайдаланғаны; ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайданғаны радиожиілік спекторды пайдаланғаны; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін; кеме жүретін су жолдарын пайдаланған; радиошілік спектрді пайдаланғаны;қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны;сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақылар.
Мысалы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жер салығына қарағанда) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады (жер учаскелерін бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға беруді шығарып тастағанда).
Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін не (немесе) кұжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік баж төленетін қызметтердің тізбесі тым кең және ол Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлемелер бойынша заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері қолданылады,олар АЕК мөлшерін негізге ала отырып есептеледі. Мысалы, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді, ол:
1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін 1 АЕК мөлшерін;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін АЕК-нің 0,3 мөлшерін құрайды.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы тиісті жергілікті бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлемдік құжаттар беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкімет төлем шлюз» арқылы берілген төлем туралы чек).
Мемлекеттік баж банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді және уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жазылады.
Төленген мемлекеттік баж салық заңнамасында белгіленген жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының шекарасынан тысқары жерде және оның аумағында атқарылған консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін мемлекеттік баж түрі консулдық алым алынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін консулдық алымның ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлерін республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген АЕК негізге алына отырып бел­гіленеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігі консулдық алым­дардың базалық мөлшерлемелері шегінде шетелдік мекемелер үшін нақты мөлшерлеменің мөлшерін белгілеуге құқылы.
Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы аумағында төлеу Ұлттық банк алымды төлеу сәтіне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.
Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс - әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (тіркеу органдары) жүзеге асырады. Олар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан орны бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер және салық салу объектілері
туралы ақпарат береді.
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін олардың мүдделеріне жүргізетін жеке және заңи тұлғалар алым төлеушілері болып табылады.
Заңи және жеке тұлғалардың алымдары,баждары және өзге төлемдері бой­ынша төлеушілердің жеке санаттарына да,сонымен бірге белгілі бір іс-әрекет жасалған кезде де әр алуан жеңілдіктер белгіленген. Жеңілдіктер бұл төлемдерді төлеуден ішінара немесе толық босату түрінде белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет