ҚЎлпыбаев с



бет140/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

13.2.Экономиканы қаржыландыру


Экономuканы дамытуға жұмсалатын шығыстар – бұл өндiрiс көлемiнiң тұрақты өcyi және оның тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталатын aқшaлай қаражаттар. Оған мыналар жатады: негiзгi капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделi жұмсалымдар); негiзгi капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өciмi; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландырy қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылық­тың барлық салаларының негiзгi капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын негiзгi капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделi жұмсалымдар) материалдық, еңбек және aқшaлай ресурстардың жиынтығы алады.
Күрделi жұмсалымдардың құрaмынa:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделi жұмыстap мен шығындаp (жобалау-iздестiру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстapы, жер учаскелерiн кесiп беру және қоныc аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсiпорындар үшiн кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындаp кiрiктiрiледi.
Күрделi жұмсалымдар мыналардың есебiнен қаржыландырлады:
1) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң меншiктi қаражаттары;
2) банктердiң ұзақ мерзiмдi кредиттерi;
3) халықтың жинақақшалары (тұрғын үй құрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу.
Кәсiпорындардың меншiктi қаражаттарының үлесi өсiп келедi, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандырy мен қайта құруғa арналған және кәсiпорын ұлғаймалы ұдайы өңдiрiс үшiн толық жауап бередi. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджеттік қаражаттар негiзiнен басым мемлекеттiк маңызы бар ipi өндiрicтiк құрылысты, сондай-ақ әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын қаржыландырy үшiн пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескipгeн (негiзгi капиталдарды iшiнара қалпына келтiру және олардың жұмыc қабiлеттiлiгi жағдайында болуын қолдап отыру үшiн) негiзri капиталдарды жөндеудiң арнаулы қаражаттары есебiнен жүргiзiледi, бұл қор шығындарды шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өнімінің, жұмыстарының, қызметтерінің өзiндiк құнынa нормативтер бойынша кіріктіре отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өciмі кәсiпорындардың меншiктi немесе оған теңестiрiлген қаражаттары есебiнен қаржыландырылады. Олар жетiспеген кезде негiзiнен жаңа кәсiпорындар үшiн бюджеттік қаражаттар бөлiнедi немесе кейiн өтелетiн кредит берiледi. Бұған басқа, меншiктi айналым қаражаттарының жетiмсiздiгiн жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздiксiз толық айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң бүкiл үдерiсiн, шаруашылықтың үйлесiмдерiн сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеудi қамтамасыз етудiң қажеттi шарты болып табылады. Қаржылық резервтер ақшалай ресурстарды оңтайландыруға, кәсiпорынның шаруашылық қызметi үдерiciнде пайда болатын уақытша қаржылық қиындықты жоюға мүмкiндiк бередi. Резервтiк қорлар шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде жасалады.
Мемлекеттiк резервтер – мемлекет жасайтын шикiзаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бiрқатар түрлерiн, астықтың, азық-түлiк тауарларының, қорғаныc мұқтаждары үшiн арналған өнімнің маңызды түрлерiнiң босалқы қорлары. Мемлекеттiк резервтер үнемi қалпына келтiрiлiп, молықтырылып oтыратын мемлекеттiң айрықша орталықтандырылған қорын құрайды; мемлекеттік резервтер айрықша жағдайларда және тек үкіметтің ерекше қаулылары мен шешімдері бойынша жұмсалады. Мемлекеттiк резервтер мемлекеттiк бюджет қаражаттары есебiнен жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет