ҚЎлпыбаев с


Қаржының функциялары және рөлі



бет14/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

1.4. Қаржының функциялары және рөлі

Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.


Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшадан туындайтын айрықшалық­ты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржының функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.
Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жү­зеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-зат­тай құрамын бөлу ақшалай қаражаттарды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қаражаттарды (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ресурстардың айрықшалықты нысанын қабылдайтын ақшалай қаражаттардың қозғалысымен міндетті түрде қосақталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты – ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі
болып табылады.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу* кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл ретте қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес капиталынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы
_______________________
*Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу үрдісімен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа және т.с.с )сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады;ал бөлінгенді одан ары бөлумен барлығы байланысының қайта бөлуге жатады.
толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу үдерісіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен – бағамен, еңбекақымен өзара іс-әрекет жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен – кредитпен өзара іс-әрекет жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалып отырған өңірлерде экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет