ҚЎлпыбаев с



бет17/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

1.5. Құндық экономикалық
категориялардың өзара іс-әрекеті
мен өзара байланысы

Қоғамдық өнімді бөлу үдерісі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, құн, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Бұл ақшалай категориялар сонымен бірге ұдайы өндіріс циклінің барлық стадияларына қатысады, алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі үдерісіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайыөндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.


___________________
*Финансы / Под ред. В.М. Радионовой. – М.: Финансы и статистика, 1993, с.23
Қаржы теориясының маңызды мәселесі оның құн, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит және т.б экономикалық категориялармен өзара байланысы, сондай-ақ бөлгіштік үдеріске бұл категориялардың қандай дәйектілікпен кірісетіндігі болып табылады.
Құн және қаржы. Құн баламалы айырбаста ара қатынас ретінде барлық экономикалық категориялармен (соның ішінде қаржылық категориялармен де) және экономикалық емес категориялармен байланысты болғандықтан, ол жүйелік категория болып табылады және кез келген игілік тиімділгінің нормативі қызметін атқарады.
Әр түрлі экономикалық мектептер құнның табиғатын түрліше: жұмыс уақытының шығындарымен, сұраным және ұсыным балансымен, өндіріс шығындарымен, шекті пайдалылықпен түсіндіреді. Бүгінде құнның еңбек теориясы мейлінше толық болып табылады. Бұл теорияға сәйкес құнның негізінде тауар өндіруге жұмсалатын қоғамдық қажетті жұмыс уақыты (еңбек шығындары) жатыр, бұл ретте еңбек деп нақты еңбекті емес (токардың, инженердің), абстрактті – оңайлатылған және өндірістің ағымдағы тұрпатты жағдайлар үшін орташаланған еңбек түсініледі. Бірқатар экономистер айырбасқа басты уәж ретіндегі тауардың пайдалылығын(тұтыну құнын) тірек етеді. Олар айырбастың пропорциясын пайдалылық пен сиректілік, сондай-ақ пайдалы және сирек заттарға ие болу тілегі мәжбүри етеді деп санайды.
Құнның ие болуы тиіс белгілері:

  1. бағалардың себептері бола отырып, бағамен байланысты табу; белгілердің біріншісі «құн» ұғымының синонимі

  2. нақты мәмілені немесе бір не бірнеше игіліктер жайында мәмілердің бірсыпыра сыныбын сипаттайтын бағадан айырмасы игілік (ең болмағанда әлуетті) тауар болып табылар-табылмасына қарамастан экономикалық игіліктің атрибуты болу; екінші белгі кез келген мәміленің бағасы басқа факторлар болғанмен көп дәрежеде оған тартылған игіліктермен анықталатынына негізделеді. Егер өзіне бірінші және екінші белгілерді қабыстыратын нақтылық болатын болса, онда бұл нақтылық әдейі бағалардың өзімен теңдестіру мүмкін емес. Бұл жағдайда құн мен бағаның ажыратылуы туралы мәселе шешілген.

  3. негізінде сандық тұлғаланымға рұқсат ету; егер бағаның сандық тұлғаланымы болса, онда оның себебі үшін, керек болған жағдайда, көтеген заттай сандарға бейнеленетін тәртіптін кейбір қатынасы берілуі тиіс. Бұл үшінші белгінің негіздемесі.

  4. игілік тиімділігінің қоғамдық нормативы болып табылуы; төртінші белгі сендіреді: игілікті жұмсау құны тұтынылған игіліктің құнынан асып түсетін тек игіліктерді табу үшін орынды. Салдар ретінде, құн игіліктерді тең бағалы ауыстыру нормасының функцияларын және тиімділіктің кейбір қоғамдық критериі тұрғысынан олардың жалпыға ортақ өлшеуішін орындалуы тиіс. Бұл белгі негізінде игіліктерге тіркелген беталды бағалаулар жауап береді: топшылауда игіліктерді пайдалану тиімділігі туралы, дәл осы бағалаулар әрбір игіліктің мақсатқа сайлығының көріну шегі екенін айтуға болады ғой.

  5. кез келген шаруашылық жүргізуші субъект позициялары тұрғысынан игілік тиімділігінің дара нормативі болып қызмет ету; осы игілік жайында мәміле жасай отырып, шаруашылық жүргізуші субьект өзінің мүддесіне залалға іс-әрекет ете қояр ма екен. Нысаны бойынша бұл белгі төртіншіге ұқсас, біріқ анағұрлым нақтырақ. Ақиқатында, дара тиімділік ұғымы шаруашылық жүргізуші субьект пайдаланатын шешім қабылдау критерийіне тікелей негізделген. Осысымен ол осы кезге дейін жалпы жұрт таныған түсіндірмеден айырылады. Бесінші белгіден құн тең бағалы ауыстыру нормасының және әрбір шаруашылық жүргізуші субъект үшін игіліктердің өлшеуіші функцияларын орындауы тиіс деген қорытынды шығады.

  6. құнның алтыншы белгісі – барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін бірінің және осысының болуы деген екіншідей қисынды түрде шығады.

Құн бәсекелік жүйенің категориясы ретінде жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектіге де арналған, сондай-ақ тұтас алғанда экономикаға да арналған игіліктердің құндылығын бейнелейді. Айырбастардың дәйектілігі экономиканы осы және басқа игіліктердің әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін бірдей болатын жай-күйге алып келеді. Экономиканың барлық субъектілері үшін ортақ құн осылайша жасалады.
Қаржыға қатысты айтсақ, қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты қатынастарды білдіретіндіктен ол құндық категорияларға жатады деп есептеледі. Демек, қаржы құнға қатысы бойынша тәуелді орын алады: құн экономикалық категория ретінде қызмет көрсетуші категория ретіндегі қаржыға қатысы бойынша бастапқы болады.
Қаржының құнның жасалу үдерісінің өзіне қатысуы мүмкін. Бұл үшін құн қалай жасалады, құнды жасау кезінде қандай факторлар әрекет етеді – бақылап отыру қажет. Егер жаңа құнды жасауды қамтамасыз ететін өндіріс факторлары теориясына сүйенсек, онда нақты және затталынған еңбекті ойда тұтқан дұрыс. Екі компонентті қозғалысқа капитал келтіреді. Егер оның (капиталдың) бастапқы негізіне сөйінсек, онда ол ақшалай капитал, яғни белгілі кезең ішінде жинақталған ақшалй қаражаттардың массасы болып табылады. Ақшалай капитал болса, өз кезегінде, қаржылық ресурстардың айналған нысаны, яғни қаржылардың материалдық-заттай көрінуі болып табылады. Сөйтіп, қаржылық ресурстардың өндіріс барысына тікелей қатысатынын, өнім құнын өсіре беруге--өңдеуге арналған бастапқы материалдан, ары қарай – аяқталмаған өндірістің жай-күйіне, сатуға арналған дайын өнімге дейін мүмкіндік тұғызатынын көруге болады.
Қаржы теориясында жинақталған қаржылық ресурстар сияқты қаржылық ресурстардың түрі қараластырылады,олар өндірістік капиталды (өндірістік қорларды) мезгіл- мезгіл қаржыландыру жолымен ақшалай қаржылық ресурстар есебінен компанияның жұмыс істеген кезеңі ішінде қалыптасқан негізгі және айналым капиталы болып табылады.
Өндіріс үдерісінде өнім құнын өсіре беру әр түрлі көздерден: меншікті, тартылған, қарыздық қаржылық ресурстармен қоректендіру жолымен болып жатады. Бірақ кез келген жағдайда бұл көздердің қаражаттары қаржыландыру үдерісіне кіріге отырып, өзінің шығу тегінен айырылып, компанияның билеу және пайдалану бөлігінде компанияның ішінара меншігі (тартылған және қарыздық қаражаттарға қатысты) бола бастайтындықтан компанияның қаржылық ресурстарының нысанына ие болады.
Сөйтіп, құн мен қаржы өзара байланысты және ұдайыөндірістік үдерісте өзара әрекет етеді деп түйін жасауға болады: жоғарғы реттің субстанциясы (түп негізі) ретінде құн өз кезегінде, жаңа құнның көзі болып табылатын қаржылық ресурстарды тұдыруға мүмкіндік жасайды.
Және бұл диалектикалық үдеріс тұтас алғанда қоғамдық ұдайы өндіріс сияқты етене және үздіксіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет