ҚЎлпыбаев с


сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы



бет148/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

14.1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы



Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлттық шаруашылық­тың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.


Бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырып, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджеттің қаражаттары капиталдың дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ақ олардың қоғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда капиталдың үздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналымына қосылуына жағдай жасайды.
Бюджеттік қаржыландыру материалдық емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарының негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуға және денсаулықты сақтауға, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениет пен өнерге жұмсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумақтың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдык емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет