ҚЎлпыбаев с



бет154/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық бюджетке бағытталатындары: мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және оның аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға акциздер, құмар ойын бизнесі салығы, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы, бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемақы, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, әкелім және әкетілім тауарларына кедендік баждар, консулдық алым, мемлекеттік баждар, алымдар мен төлемақылар.
Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республика­лық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
Облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне түсетін түсімдерді осы оқулықтың 15 тарауының «Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары» параграфын қараңыз.
Бюджеттің шығыстарын бөлу мемлекеттік басқарудың деңгейлеріне сай келеді.
Республикалық деңгейде – бұл:
мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары орандарының жұмыс істеуін, қорғанысты қамтамасыз ету, мемлекеттің сыртқы саясаттық қызметі, кеден қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздіқті қамтамасыз ету, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, төтенше жағдаяттар саласында қызметті ұйымдастыру, өртке қарсы служба, азаматтық қорғаныс;
білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі шаралардың бір бөлігі, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру (зейнетақылық төлемақылар, жәрдемақылардың негізгі түрлері, әр түрлі әлеуметтік төлемақылар, соның ішінде әскери қызметшілер отбасыларына, құқық сақтау органдарының жұмыскер­лері­не), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы шаралардың бір бөлігі;
экономикалық қызмет (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп , жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, көлік және коммуникация), экономикалық қызметті реттеу;
басқа бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала­лардың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер; Үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттік кепілдер, концессиялық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау.
Басқарудың басқа деңгейлері функциялық топтар тұрғысындағы шығыс­тарды, бірақ жалпы көлемдегі олардың әр түрлі ара салмағымен алып жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет