ҚЎлпыбаев с



бет210/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Әлеуметтік көмек бойыншa төлемақылар мыналарды кiрiктiредi:
а) отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалатын, балалы отбастарына жәрдемақы (18 жасқа дейiнгі балаларға);
ә) балалары бар мерзімділік қызметтің әскери қызметшілерінің отбасына жәрдемақы;
б) мүгедек - балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
в) ВИЧ-инфекцияланған балалар мен ересектерге жәрдемақы;
г) әкелері алимент төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;
д) 4 және одан көп 7 жасқа дейін жастағы балалары бар жұмыссыз аналарға жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік қорғау жүйесімен сондай-ақ мыналар қарастырылған: отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалатын тұрғын үй жәрдемақысы;
тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлерiне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдiктерiнiң жүйесi;
қарттарға, мүгедектерге, үйсіздерге және ауру балаларға арналған мекемелерді ұстау;
оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау.
Табысы eкi АЕК-ден apтық емес жұмыссыздарға матерuалдық көмек белгіленген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Осы заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен есептеледі.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі көлемінің ұлғаюына байланысты мүгедектер үшін жәрдемақы мөлшері арттырылды.
Жергілiктi бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түpiндe төлемақылаp мыналарға төленедi:
1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;
2) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан ба­сына шаққанда табыс деңгейi төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың бірқатар басқа санаттарына.
Шаруашылық жүргізушi субъектiлер, басқа жұмыс берушiлер меншіктi әлеуметтік қорларынан өздерiнiң жұмыс iстеп жүрген жұмыскерлерiне, бұрынғы жұмысскерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.
Мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғандa, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмeгі, жұмыссыздарға материалдық көмек жергілiктi бюджеттердің қаражаттарынан төленедi.
Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламада азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен, жалпы орта білімге және денсаулық қызметіне қолжетімділікті жақсарту, атаулы әлеуметтік көмекті арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру проблемаларын шешуге кешенді тәсілдеме қарастырылған. Бұл үшін кезең-кезеңімен әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қызмет көрсетудін нормативтері енгізілді.
Жыл өткен сайын Қазақстанда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, ол ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарында болып отыр. Бүгінде бес миллионға жуық қазақстандық, яғни азаматтардың үштен бірі түрлі әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Егер 2003 жылы бұл салада 17 әлеуметтік жәрдемақы түрі болса, 2008 жылы олардың саны 29-ға жетті.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар 2009 жылы 813 милиард теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға артық.
2011-2013 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің үштен бір бөлігінен жуығын әлеуметтік сфераға жұмсау көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен отбасыларына, жекелеген азамат­тарға арнаулы әлеуметтік қызметтер деп аталатындарды беру кепілден­дірілген.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдаятта (жетімдік, ата-аналар қамқорлығының болмауы, кәмілетке толмағандарды қадағалаусыздық, баспанасыздық, бас бостандығынан айыру орнынан босану және басқалары бойынша) адамға (отбасына) пайда болған әлеуметтік проблемаларды жою үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қоғам өміріне қатысуға оларға басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер беру бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңи тұлғалар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру сферасындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
қиын өмірлік жағдаятты (егер ол пайда болған жағдайда) жою үшін жағдайлар жасау;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді кепілденілген көлеммен қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтауды қам­тамасыз ету;
мониторинг және берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын баға­лау жүйесін дамыту;
арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
арнаулы әлеуметтік қызметтер беру сферасында халықаралық ынтымақ­тастықты дамыту және басқалары.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепіл­денілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет