ҚЎлпыбаев с



бет291/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жəне жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.
Инвестициялық қызмет – жеке жəне заңи тұлғалардың коммерциялық ұйым­дардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.
Инвестициялық мағлұмдама – зейнет­ақы ережелеріне қосымша болып табылатын жəне инвестициялау объек­тілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын анықтайтын құжат.
Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвес­тиция­лық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңи тұлғаларына сəйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар.
Инвестициялық портфель – бағалы қағаздар рыногы субъектінің меншігінде немесе басқаруындағы əр түрлі қар­жылық құралдардың не Қазақстан Рес­публикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптар­ға сəйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Инвестициялық табыс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нəтижесінде алынатын ақша.
Инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан əрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар əкімшілері əзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қолжетерлік жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы.
Инвестициялық портфелді немесе зейнетақы активтерін басқарушы –
бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіпқой қатысушысы.
Инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке жəне заңи тұлғалар.
Инжирингтік қызметтер көрсету – инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-контрукторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жо­балардың техникалық-экономикалық не­гіз­демелерін дайындау, өндірісті ұйым­дас­тыру жəне басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсыныстар əзірлеу.
Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек келісімшартын немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауа­зымды тұлғасы ретінде берілген өкілет­тіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет