ҚЎлпыбаев с


Қаржы заңнамасы жүйесіндегі



бет58/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

5.3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі
қаржылық-құқықтық актілер

Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің өкілеттігі шегінде қаржы­лық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржылық-құқықтық актілер қабылданады.


Қаржылық-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар уәкілетті органдардың олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржылық-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржылық- құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің осы немесе өзге құқықтық нысандарды қолдану реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен заңи акт ұзақ және тұрақты қаржылық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастарды, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржылық қызметте іс-әрекет етеді; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т.б.
Қаржылық-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және дара, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржылық қатынастардың тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, белгіленген төлемдерді есептеудің тәртібін, төлеушілердің тұрпатты белгілерін және басқа шарттарын белгілейді.
Дара актілер құқықтық нормаларды белгілі бір төлеушіге немесе қаражат­тарды алушыға қатысты нақтылайды. Заңнамалық актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Президенттің Жарлықтары.
Заңға тәуелді актілер – бұл заңға негізделген және заңды атқаруға қабыл­данған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қорлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджеттік қаржыландырудағы мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландырудың дара жоспарлары (шығыстардың сметалары) жатады.
Қоғамның саяси және экономикалық өмірін демократияландыру, экономикалық даму шаруашылықтық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқарасты түбегейлі өзгертулерді қажет етеді.Бұл талаптарға экономикалық реформаның дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, жер және жер қатынастары туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банктік қызмет туралы, сақтық қызметі туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы және басқа заңдар. Аталған заңдар қаржылық қатынастарды да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылды. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар рыноктық экономиканың жаңа моделін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржылық қатынастарды дамытуға бағдарланған. Шаруашылық өмір, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызмет өңірлердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет