ҚЎлпыбаев с



бет6/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Әдебиеттер 487
Терминологиялық-түсіндірме сөздік 491
Әліпбилік-предметтік сілтеуіш 514


АЛҒЫСӨЗ

Бұл оқулық мұның алдындағы «Қаржы» (2000, 2003, 2005, 2007 жж.), «Қаржы негіздері» (2009 ж.), «Қаржы теориясы» (2001ж.) оқулықтарының жалғасы және олардың экономика мен қаржылардағы негізінен ұйымдық-институционалдық сипаттағы өзгерістер ескерілген мазмұнының дамуы болып табылады. Сонымен бірге «Қаржы» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені бойынша кафедрада қазақ-орыс тілдерінде дайындалған және өнделіп, толықтырылған нұсқасы болып саналады. Оқулықтың құрылымы мен мазмұны «Қаржы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары мен оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына жауап береді.


Сонымен бірге оқулықтың ұсынылып отырған нұсқасында қаржының айрықша өзіндік ерекшеліктері, қаржылық ресурстар, қаржы жүйесі бөлігіндегі қаржы мәнінің теориялық қағидалары, жекелеген қаржылық қосалқы субъектілердің қаржылық механизмінің жұмыс істеуінің бірқатар практикалық аспектілері нақтыланып, толықтырылған.
Экономикалық, әсіресе қаржы-кредиттік бағыттағы жоғары оқу орындарында «Қаржы» курсы кіріспелік, бейіндік пәндерді зерделеудің алдын алатын пән болып табылады және «Мемлекеттің қаржысы», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржылар», «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық бақылау және аудит» сияқты және жоо-ның оқу жоспарларына кіріктірілетін басқа арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді және алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді.
«Қаржы» ұғымы оған «кредит» категориясы және ілеспе механизмдер кіріктірілмей оқулықта отандық ғылым үшін дәстүрлі «тар» мағынада берілген; алайда аралық қосалқы категория ретінде «мемлекеттік кредит» қарастырылған.
Оқулықтың теориялық бөлімдері ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы оның үдерістеріне қызмет көрсететін тұтас алғанда ұдайыөндірістік категория ретіндегі қаржының мәнін қайта ойластыруға сәйкес жаңғыртылды. Қаржы мен қаржы жүйесінің құрамдас бөліктеріне сыныптамалық тәсілдемелері нақтыланды.
Курсты меңгеру үшін қажетті тақырыптаманың дәстүрлі ара қатынастағы құрылымы ұсталынған, мұның өзі «Қаржы» бағыты бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Оқулықтың бұрынғы басылымдарының мазмұны мен құрылымы еліміздің жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісінде жеткілікті мақұлданған, сондықтан олар бұл басылымда негізге алынған, басқа елдердің жоо-сында қолданылатындарға ұқсас.
Қолданбалы сипаттағы тақырыптарды баяндау кезінде оқулық Қазақстан Республикасы жағдайларының өзіндік ерекшелігіне бейімделген.
Пәнді зерделеу кезінде қаржылық және экономикалық категориялардың, жүйелердің өзара байланысын көрнекі ету үшін, сыныптамаларды, құрылымдарды, жай-күйлерді, үдерістерді және басқа элементтерді қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық-қисындық сызбаларға басымдық берілді.
Кішірейтілген шрифтпен оқулықтың ірі шрифтпен жазылған негізгі қағидаларға түсінік беретін қосымша материал, курсивпен негізгі тұжырымдаулар, терминдер, сыныптамалар және зерделеуге қажетті басқа параметрлер бөлектелінген. Оқулық мәтінінің мұндай дәйектелімі кезінде оны бакалавриат пен магистратурада оқитындар үшін пайдалану ыңғайлы болады.
Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру және өзін-өзі тексеру мақсатымен оның әрбір тарауының соңынан бақылау сұрақтарының тізбесі беріліп отыр.
Терминологиялық-түсіндірме сөздікте қаржы және қаржы жүйесі бойынша заңдар мен заңнамалық актілерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер келтірілген және қосарлануды болдырмау мақсаттарында олар оқулықтың мәтіні мен сілтемелерде қайталанбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет