ҚЎлпыбаев с


сызба. Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер



бет95/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

10.4 сызба. Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер, игіліктер

Кез келген жағдайда рыноктық жүйе не қоғамдық тауарларға («таза» қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсету үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде («аралық» қоғамдық қызметтер көрсету үшін) бөледі. Сондықтан мемлекет қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.


Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті шығындарға (шекті пайдалылық теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс көлемінің есептелуіне сәйкес анықталады. Алайда практикалық тұрғыда қоғамдық тауарларды пайдаланудан болатын өндіріс шығындары мен пайданы үнемі есептеу мүмкін емес, өйткені бірінші жағдайда құйылымның қосымша шығындарының болуы мүмкін, ал пайда көптеген тұтынушылар арасында «ыдырап тарап кетеді». Сондықтан қоғамдық тауарлардың санын «шығын-пайданы» талдау әдісімен анықтау мемлекеттік органдардың шешімдерімен толықтырылады. Және жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, оларды өндіру үшін экономикалық ресурстарды бөлу проблемалары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың, соның ішінде қаржылық саясаттың да предметі болып табылады. Мұндай шешімдер демократиялық жолмен – ел азаматтарының өз еркін білдіруімен қабылдануы тиіс, бұл саяси дауыс беру рәсімдеріне саяды. Сайлаушылар өздерінің ортақ мүдделері мен артықшылықтарын асқан дәрежеде қанағаттандыратын бағдарламалар мен олардың сыртында тұрған партияларды, саяси жетекшілерді таңдайды. Және, керісінше, олардың көңілін, разылығын ақтамаған және орындамаған немесе ішінара орындаған саяси жетекшілерді орындарынан кері шақырып алады. Сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу проблемасы саяси тұрғыдан салықтық-бюджеттік механизм арқылы шешілетін мемлекеттің қаржылық саясаты шараларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржылық саясаттың тиімділігі мен мақсатқа сайлығының мән-мағынасын құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет