Ұлттық болмыс, ұлттық танымның көркем шығармада берілуі


ҰЛАРБЕК НҰРҒАЛЫМҰЛЫ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС



бет2/3
Дата27.12.2023
өлшемі32.92 Kb.
#488186
1   2   3
МӨЖ 2 Лингвокультур

ЛАРБЕК НҰРҒАЛЫМҰЛЫ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС
1.1Қазақтың байырғы және құбылған замандағы болмысын ашатын –«Дайағашшы»
Ұлрабек Нұрғалымұлының прозалық шығармалары, эссе, әңгіме , мақалалардан тұратын жинағы төте жазумен шыққан нұсқасын қоса есептегенде бес мәрте жарыққа шығып отыр.Бұл кітаптың аз ғана уақыттың ішінде бес рет басылымға шығып, оқырман ішінде үлкен сұранысқа ие болуы да бекер емес. «Дайағашшы-жүректі тербейтін, ойымызда бар, бірақ бүгінгі күнгі қалып кеткен сезімдерді оятатын кітап. Кітаптағы әрбір шығармада қазақтың төл танымы, кісілік болмысы көрініп тұрады.
Жазушы өз шығармасында байырғы және құбылған замандағы қазақ халқының болмысын көркемдеп, шынайы өмірде болған оқиғаларды арқау ете отырып жазғанымен құнды.
«Дайағашшы» деген кім? Бұл сұраққа қаламгер өз шығармасында былай деп жауап береді. «Бәйге аттарының алдынан бірнеше адамдар шығады, бұларды «даяшы дейді» деп анық жазылған. «Бәйгеге шабатын аттардың сәйкестігіне қарай қанша сыйлық берілетін болса, сонша даяшы аттарды күтіп қатарласып тұрады. Мысалы, ат бірінші келе жатса, бірінші бәйгенің даяшысы шауып барып, ат үстіндегі баланың бас киімін алады. Бұл төрешілерге көрсетілетін айғақ. Даяшы берілетін сыйлықтың он пайызын өзіне алады» деп жазады зерттеуші Ахмет Тоқтабай «Қазақ жылқысының тарихы» атты энциклопедиясында. Ал зерттеуші Бекен Қайратұлы «Қазақтың атбегілік өнері» атты кітабында «Ат ұстайтын даяғашылар (төрешілер) саны той иесі тағайындаған жүлде санымен бірдей болады» деп жазады. Байқап отырғанымыздай, бір нұсқа «даяшы» бір нұсқа, бір нұсқа «даяғышы» болып тұр. Біз естіген, әлі күнге дейін қоланыстағы нұсқа «дайағашшы». Атқа байланысты «ат ағаш» , «мамағаш» деп келетін сөздерді ескерсек соңғы нұсқа қисынға келіп тұрған сияқты. Қазір де Қытайдың Алтай, Тарбағатай өңірі, Моңғолиядағы қандастар ортасында да бұл дәстүр әлі де қолданыста. Ондағы айтылуларда «дайағашшы», «дәйағашшы» болып келеді. Қысқасы, бұдан «дайағашшы» қазақ бәйгесіне ортақ дәстр екенін қапысыз аңғарамыз [1.7]. Аталған әңгімеде тарихи және тілдік фактілерді мысалға келтіре отырып, дайағашшының қазақ халқында, оның ішінде ежелден келе жатқан бәйге ат жарысындағы алатын рөлі туралы көркем тілмен шебер жеткізе білген. Қысқа ғана әңгіменің әр сөйлемінен қазақылықтың иісі аңқып тұрады. Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтынымыз да суреттелген. Сонымен қатар, қазақ халқы үшін бәйге ұлттық ойыныныңмаңыздылығы бас айтылған. Әңгіменің өзі бірнеше бөлімге бөлінген:тізгін қағар, дайағашшы, Кертөбел мен Түйеқоңыр, бәйге, тізгін тартар.Байқағанымыздай, автор әр бөлімге бәйгеде орны ерекше ұғымдардың
Қазақ халқында кісі өлгенде орындалатын жөн-жоралғылар баршылық. Солардың бірі-жоқтау. Жоқтау туралы Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінде «Жоқтау-қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақын адамдарының қайғылы сарынмен айтатын жыры [2],»- деген анықтама береді.
Келесі бір дәстүр-көңіл айту. Көңіл айту-азалы адамды жұбату үшін айтылатын дәстүрлі ғұрып. Кісі қайтыс болған үйге кіріп, ниеттестігін, қазаға ортақтығын, бәріне де ауыр тиген өлім екенін, болғанға болаттай берік болуын айтып, артының қайырлы болуына тілектестігін білдіреді. Осы аталған салт-дәстүрлер «Дайағашшыда» көркем бейнеленген: «Орталарында Зекең қария бар бір топ адам көрші ауылдағы қайтыс болған кісінің жақындарына көңіл айтуға барады. Бұлар кірген бетте жоқтау айтып, дауыс салып жылаған әйелдер бір-екі ауыз басу сөзге тоқтау бермейді. Үш қайырған «хұлхуаллаға» сәл кідіргенімен, сүре аяқтала бере күрекпен бөгей тұрған арық суындай қайта ағылып, екілене еңіреп қоя берді. Мына кісілер қысыла бастайды. Бәрі ең үлкені болған соң басу айтыңыз, тоқтатыңыз дегендей Зейнелқабден ақсақалға қарайды [1.4-5]».
Қазақ халқы тойды өзінің қазынасы деп білген. Тойға қатысты «Тойдың болғанынан боладысы қызық», «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» деген іспеттес тіркестерге құлағымыз да жатталған. Осы әңгімеде де Ниғымет деген кісінің тойға бірнеше күн бойы дайындалып жатқандығын, күн сайын ауылда думан екенін атап өтеді.
Қазақ халқында кез келген той, қайғы, түсініспеушілік деген секілді бір адамның басына түскен оқиғаларды бүкіл ағайын-туыс, ел-жұрт, ауыл болып жиналып ақылдасып шешкен. Мұндайда ауылдың көпті көрген ақсақалдары, жасы үлкендері бір үйге жиналған. Осы әңгімеде де сол әдемі дәстүріміз қапыда қалмай , суреттелген. Әңгімеде «Дайағашшылар тізімін жасау» деген науқан туралы мынадай үзіндіні мысалға келтіре аламыз: «Бәйгеден екі-үш күн бұрын «дайағашшылар тізімін жасау» деген бір науқан бар. Оған да бір қой сойылып, ұйымдастырушылар жиналып ақылдасады, қызу талқы жүреді. «Өткен жолы Елеусіздің бәйгесінде бірінші атты Көксеген ұстады, енді Бәжібек ұстасын...», әй, Жанаттың кемпірі өліп, көңілі жасып жүр ғой, екінші атты сол кісіге ұстатпаймыз ба?» деген секілді уәждерін алға тартысады [1.6].
Тарихтың тереңіне үңілсек, бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жауымен алысқандағы қанды көйлек жолдасы, арқа-жарқасы болып, ақ түйенің қарны жарылып сән-салтанат құрғандағы қызығы, сәні жылқы болғанын білеміз. Кемеңгер қолбасшы Күлтегіннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары,Ер Тарғынның Тарланы жадымызда жатталып қалды. Қазақ халқы ежелден төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше қастерлеген. Жылқының атын таңдауға да үлкен мән берген. Көбіне жылқының сырт келбетіне, түр-түсінеқарап ат қойған. Осы шығармада бәйгеге қатысқан жылқылар ішінде бұрындары ешбір бәйгеден екінші болып келіп көрмеген екі ауылдың жүйріктері туралы сөз болады. Бірі-Кертөбел, екіншісі-Түйеқоңыр. Осы жердегі Кертөбел деген жылқының аты да текке қойылмаған. Бұл біріккен сөздің алғашқ сыңары «кер-маңдайға, қастың арасына, бет пен жаққа, иық жауырын сүйекке, сондай-ақ жылқының құлағына, жал етіне, алдыңғы аяқтан артқы аяқтың асып түскен ізі сияқты қашықтықтарға қатысты бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасын керіп есептегендегі халықтық өлшем [3]. Ал төбел-жылқы малының маңдайында болатын дөңгелек ақ түс. Сонда Кертөбелдің аты маңдайындағы ақ түсті төбелдің көлемімен байланыстырылып аталған. Дәл сол секілді түйеқоңыр да сыртқы келбетіне, жүріс тұрысына байланысты осылай аталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет