Ұлттық экономика қҰрылымы



бет3/3
Дата20.05.2022
өлшемі18.75 Kb.
#458413
1   2   3
ЭКОНОМИКА АЙТУ

Экономикалық өсу — бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар: Экстенсивті өсу дегеніміз-қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Интенсивті өсу дегеніміз- техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Аралас өсу дегеніміз- өндіріс қуатының өсуі нəтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі жəне техника мен технологияның жетілуі. Экономикалық өсуді есептеу пайыздық жылдық өсу қарқынымен анықталады. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары. Ұсыныс факторына мыналар жатады: табиғи ресурстардың саны мен сапасы; халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы; негізгі капиталдың болуы; өндіріске қолданылатын технология деңгейі.
Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. Тек қана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық əлеуетін қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тəуелді. Өспелі өндірістік əлеуетін жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік əлеуетті мақсатқа сай пайдалану үшін тек қана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы камтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максималды санын беретіндей бөлу қажет.
Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады: еңбек ақы мөлшері; мемлекеттің фискалдық саясаты жəне халықтың қор жинау бейімділігі. Факторлардың өсуі əсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы жəне екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель — барлық аталған факторлардың өсуіне əсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп əсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Əр түрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына əсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет