Ұлттық идеология. Біз кімбіз, қайдан келдік, қайда барамыз!?



бет5/6
Дата04.10.2022
өлшемі48.21 Kb.
#461913
1   2   3   4   5   6
Ұлттық идеология

«Қайда барамыз?»  Осы кезде бізге Елбасымыз өзінің «Қазақстан 2050 – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында ұсынған, бабаларымыз армандаған «Мәңгілік ел» қазақтың ұлттық идеясы «Алаш идеясы» контекстінде де толыққанды жауап беріп тұрғандығын байқау қиын емес. Себебі «Мәңгілік ел» – ол біздің тарихи тамырымыздан қайнап шыққан ұлттық идеямыз, ал «Алаш идеясының» тамыры сол ұлттық ерекшелікте жатқандығын айтып кеткен болатынбыз. Және бұл идеяның «Алаш» қозғалысының да негізінде жатқандығы дәлелді қажет етпейді. Себебі алаш қозғалысының басшылары, идеологтары мәңгілік қазақ мемлекетін армандады, «бүгін болмаса ертең» қазақ елі тәуелсіздік алатынына сенді, сол жолда өмірлерін де құрбан етті. Олар келешекке, күндердің күнінде олардың ұрпақтары олар жасаған еңбекті бағалайтынына сенді, қазақ елі құрып кетпейтініне, мәңгілік екеніне сенді. Олар өздеріне артылған жүкті, кім екендерін, ішкі рухани мәндерін, тарихи тамырларын жіті ұқты. Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өзі: «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс», – деп, болашақ ұрпақ алдындағы парыздары бар екендерін айтып кетті. Ахмет Байтұрсынұлы да: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», – деп, қазақтың жоғалып кетпейтініне, олардың ұлт алдындағы еңбектері лайықты бағасын алатынына имандай сеніп кетті. Бір қызығы, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай ағамыздың «Мәңгілік ел» идеясы туралы: «Мәңгілік ел» нысанасының «рейхтық», «ағылшындық-америкалық» үлгіден айырмашылығы, онда тектік шекара бар. Ол нәсілдік жікшілдік артпайды, бірақ атамекеннің азаттығын, ата-тегінің тазалығын, түркі ұлтының рухани және дәстүрлік, тілдік тәуелсіздігін басты қасиет ретінде ұстанады. Бұл нысананы әлемнің барлық ұлт пен ұлыстарына «үлгі» ретінде таңбайды. Керісінше «бәрі бейбіт, бәрі тату, бәрі қағанды» («Күлтегін») болса деп тілейді. Бірақ соны тілей отырып, түркі елін де сыйлауды, онымен санасуды талап етеді. ...Демек, «мәңгілік ел» − түркі тегінің тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған тектік, иә! − тектік тазалық пен еркіндік идеялогиясы» [12, 45] − деген тұжырымынан да біздің жоғарыдағы тектілік туралы айтқандарымыздың «Мәңгілік ел» идеясымен байланысып тұрғанын аңғару қиын емес. Қорыта келгенде, Алаш идеясын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет