«Ұлттың Ұлы ұстазы». Адамдық диқаншысы қырға шықтым


Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам



бет10/13
Дата29.02.2024
өлшемі0.99 Mb.
#493304
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ахмет -ұлт ұстазы

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма оны ұмытсам,

Болғандай жегеніме бәрі харам,-

десе де, талаптанып, еңбек жолын жалғастырады. Халық мұңын мұңдаған бір топ күрескерлер шоғырын топтастыра отырып:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім «Сен де қатарыңнан қалыспа»- дейді.

Ахмет Байтұрсынұлының ел ішіндегі өмірінің айтулы бір кезеңі 1896 жылы Омбыға барып, Ақмола, Семейдегі қазақ-орыс мектептерінің үстінен қарайтын А. Алекторовпен жақсы танысып білісуі болды. Өз басы қиыншылықтың сан түрін өткерген Ахмет Алекторов, Ильминский секілді миссионерлермен жақындаса түседі. Жақындасқан сайын өзінің азаматтық күрескерлік бет-бейнесі айқындала түседі. Осы жол оны саясатпен айналысуға, ғылым жолына түсуге, жиған - терген, білгенін халқына қайтару жолына алып келеді.

Ахмет Крыловтың «Қырық мысалын» аударып, кітап етіп шығарды. 1913 жылдың наурызынан бастап «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1913 жылдың қыркүйек-қазанына дейін оның редакторы болды. Ондағы жарияланған қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысты материалдар ресми орындардың наразылығын туындатып, үнемі бақылау, тінту жүргізіп, Ақаңды түрмеге отырғызып тыныштық бермеген.

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны,-

деп күйінеді. Ахаңды газет оқушылары қаражат жинап, ұйымдасып абақтыдан босатып алып, газетті жаптырмай аса ізгі іс жасайды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы таза саяси үн, заман тынысы халық мұңын ғана айтып қоймай, өз өмірбаянына қатысты деректер, дүниеге көзқарас, арман мақсаты да айқын көрінеді.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа не алар өлім менен

Өлген күні апарып тығары көр,

Мен жоқ болсам көміліп тәнімменен.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет