Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі3.23 Mb.
#472210
1   2   3
mektepke-deyІngІ-Ұyymdarda-oynalatyn-ҰlttyҚ-oyyndar

Арқан тарту

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып алып кетсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса,құламаған бала жеңіске жетеді.

Сақина салу

Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

Соқыртеке 

Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.

Қорыта келгенде ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін ұлттық ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.

Қорыта келгенде ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін ұлттық ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет