Қорытынды
Жалпы ойын туралы пікір айтушылар көп болғанымен, оның адам баласына ерте әсері мен қызметінің алуандығын жеткізе жазып уағыздаумен қозғалыс ойындарына келгендер оны тек дене шынықтыру пәнінің айналасынан шығармай тұмшалап, бірақ дәйекті ғылыми пікірлер мен осы классификациялауға келгенде, үстірт пікірлерге жол беріп, тар мағыналар аясына шектеле береді.
Біз осы дипломдық жұмыста ойынның сан алуан қызметінің бәрі жиналып келіп жан-жақты жетілген жеке дара тұлғаларды, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын, дене қасиеттерін, өз өмірінің мәні деп түсінетін, халқымен елінің игілігі үшін еңбек ететін дара тұлғаларды оқытып, тәрбиелейтінін анықтадық..
Демек, қозғалыс ойындарының адам тәрбиесіндегі басқа қырларын жетілдіруге арналған принциптердің бәрі сайып келгенде жан-жақты дамыған денсаулығы мықты деке дара тұлғаларды тәбиелеуге бағытталады.
Пәндерді жеке-жеке алғанда өз мүмкіншіліктерінше оқушыға әсер етіп оларға ғылым негіздерін үйретіп, өмірге қажеті негізгі білім мен тәжірибе жинақтауға жәрдемін тигізеді. Ал бүгінгі өмір талаптары мүлде өзгереді, ол адамнан мүлде басқа сапалық қажеттіліктерді талап етеді. Ол оқушыға қажетті білім тек бір бағытты емес, көп бағытты, алуан салалы болып келуін қалайды. Олай болса, оқушыға осы талаптарға сай білім алуға ұмтылуы қажет. Мектептегі оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық бағытқа негізделіп өтілетін пәндер бір-бірімен ұштасып, жымдасып, кірігіп бірін бірі толықтыру мүмкіншіліктерін жетілдіруі тиіс. Бұл салаға мектеп ұжымына халық ойындары көмекке келеді. Ол үшін оқу жылының басында пәндік құрылымдар алдын-ала қай тақырыпта халық ойындарын қолдана алады, сабақтың қай кезеңінде пайдалану орынды екенін келісіп, өтілетін тақырыптарды бір бірімен ұштастыра отырып жүргізуді ойластыруы тиіс.
Халықтық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану: а) оқу мен тәрбиенің мазмұнын қоғамның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне; ә) оқытумен тәрбиенің формаларын және оларды ұйымдастырып өткізу міндеттеріне, мазмұны және әдістеріне байланысты; б) оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |