Зерттеу пәні: Дене шынықтыру пәнінің мектеп бағдарламасындағы негізгі спорт түрлері.
Зерттеу мақсаты. Қозғалыс ойындарын пайдаланып оқушылардың дене қасиеттерін (шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық, икемділік, дәлдік, т.б.) тәрбиелеп, олардың дене дайындық деңгейлерін көтеруді ғылыми-әдістемелік түрде жүргізу.
Зерттеу міндеттері:
дене қасиеттерін тәрбиелейтін қозғалыс ойындарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
дене дайындық деңгейін дамытып, тәрбиелейтін қозғалыс ойын түрлерін анықтау;
қозғалыс ойындарының қалыптасу сипатын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
дене қасиеттерін тәрбиелейтін қозғалыс ойындардың ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы негіздері айқындалады;
дене дайындық деңгейлерін дамытып, тәрбиелейтін қозғалыс ойындардың түрлері іріктеліп, ғылыми тұрғыдан негіздеме беріледі.
1. ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ, БАЛА ӨМІРІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс ойындар арқылы дәлдік, лақтыру қабілеттерін қалыптастыру
Спорт өнерінде, әскери және қызметтің басқа да түрлерінде белгілі нәтижеге жетуі үшін ғана мерген болу міндетті емес, дәлдіктің күнделікті өмір жағдайында, ойын барысында, аңшылықта да тұрмыстық-қолданбалы маңызы зор.
Дәлдікті дамыту мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасында оқытудың алғашқы жылынан бастап қарастырылған: бастауыш сыныпта қозғалыс қозғалыс ойындары барысында балалар кіші допты нысанаға және қашыққа лақтыру техникасын меңгереді, орта сыныпта нысанаға кіші допты ғана емес, қашықтыққа гранатты, ал, жоғары сыныпта гранат салмағын ұлғайтып лақтыруға басқа да заттарды пайдалану жоспарланады. Сонымен бірге, сабақ барысында «Дәл нысанаға», «Допқа тигіз», «Бекіністі қорғау», «Қозғалмалы нысана», «Досыңды қорға», «Қала сыртындағы қала», «Допты ортаға», «Доп үшін күрес», «Допты капитанға», «Әуе таяқ», «Тоспа доп», «Бойға доп дарытпа», «Бәлләй», «Ортаға түспек», «Күллій», «Дәл тигіз», «Шүлдік», және асықпен ойыналатын «Алшы ойыны», «Омпа», «Асықты тігіп ойнау», «Атбақыл», «Тас қала», «Хан», «Кетсін бір», т.б. ойындарды қолдану арқылы оқушылардың лақтыру, дәлдік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік мол [1, 2].
Дәлдікті дамыту және жетілдіру әдістемесінің маңызды ерекшелігі – дәлдіксіз қимыл әрекетінің іске асырылуы мүмкін емес, егер ептілік пен икемділіктің айқындалуымен байланысты жаттығуларды орындауда, адам әр нақты кезеңде өз әркетіне олардың айқындалу дәрежесі тұрғысынан баға бере алмайды. Ал, дәлдікке лақтыруда нәтиже бірден әркет аяқталғаннан кейін көрінеді. Бұл осы қабілетті жетілдірудің елеулі стимулы болып табылады.
Адам өмірінде дәлдік табиғи қимылдардың бір бөлігі ретінде, әр түрлі заттарды нысанаға лақтыру, шеберлік пен дағдылардың белгілі жүйесі негізінде қалыптасады.
Адамдардың бәрі бірдей әртүрлі қарулардан тамаша ататын мерген бола алмайды, өйткені мергендіктің жоғары деңгейі жақсы дамыған терең және жанынан көруді, шыдамдылықты талап етеді. Дәлдіктің негізгі компоненттері бастапқы қалыпты қабылдау, көздеу, тыныс және вегатативті жүйелерді бапқа келтіру, мәреге күш салу, келесі әрекеттерге ең қолайлы жағдайлар жасайтын дене буындарының ұтымды орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, алға қойылған аяқ, оған дене салмағын түсіріп, бүкіл негізгі бұлшық еттерді іске қосып және келесі қимылдар үшін қолды еркін қозғалтуға мүмкіндік береді [3].
Көздеу нысана орнына дейінгі арақашықтықты дәл бағалауға, келесі қимыл әрекеті сипатын нақтылау және үшін қажет.
Тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелерін бапқа келтіру жүйке-психикалық жағдайды тұрақтандырады, бұлшық етті жауынгерлік дайындыққа келтіреді.
Дәлдік статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статикалық дәлдік тұрып, жатып ату және лақтыру элементтерін қамтиды. Динамикалық дәлдік қозғалыспен айқындалады.
Зерттеу нәтижелері дәлдікті дамытудың келесі факторларын анықтауға мүмкіндік береді: кеңістік және уақыт қабылдау деңгейі; жүйке-психикалық күйі; тыныс алу ырғағын белгілеу; дене қабілеттерін дамыту деңгейі.
Кеңістік және уақыт қабылдау деңгейі – дәлдікті арттырудың шешуші факторларының бірі. Бұл қабілеттің айқындалуы анализаторлардан орталық жүйке жүйесіне түсетін ақпаратпен байланысты. Кеңістік қабылдау дәлдігі соңғы нәтижені айқындайтын, дайындық және негізгі әркеттердің реттілігі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бірқатар физиологиялық механизмдерге негізделген.
Қабылдау сапасы нысанаға қатысты саналуан заттардың орналасуын аса дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін тереңдікпен көруге байланысты. Осы ақпарат неғұлым дәл болса, нысанаға тиюге бағдар соғұрлым көп болады.
Көру анализаторларының жұмысымен байланысты бұлшықет қызметі көру өрісін ұлғайтумен қатар жүреді. Бұл лақтыру, ату кезінде көз алмасының үнемі қозғалуынан туындайтын, көз тор қабығының периметрлік элементтерінің қозуының нәтижесі болып табылады.
Айналадағы, тіпті ең майда заттарды көру өрісінде ұстау қабілетін жаттықтырып, көзді тек басты нысанаға ғана шоғырландырмай, сондай-ақ спорттық ойындарда ең маңызды болып табылатын барлық ойыншыларды көру өрісінде ұстауға қол жеткізуге болады.
Жүйке-психикалық күйді басқара білу – дәлдікті жетілдірудің маңызды шарты. Бұл әсіресе ұдайы өзгермелі жағдайларда өте құнды. Спорттық ойындар қимылы өзгермелі келеді. Одан өзге, климат жағдайы мен белдеу уақытының күрт өзгеруі, бәскелестердің күшті құралы – тұрақсыздандырушы факторлар, тұрақты психоэмоцияналдық жағдайда ғана оған қарсы тұруға болады.
Дәлдікті дамытудың маңызды шарттарының бірі дайындық, негізгі және қорытынды фазаларда қимыл әркетінің оңтайлы ырғағын орнату болып есептеледі. Ширығу мен босаңсудың заңды кезектесуі осы кезеңде шешуші маңызы бар әркеттерге күшті шоғырландыруға мүмкіндік береді. Әр қимыл әрекеті күшті ұтымды бөлуге байланысты. Сонымен, қимыл әрекетінің дұрыс ырғағын анықтау ең жақсы нәтижеге жету үшін қажетті алғышарттар жасайды.
Дене қабілеттерін дамыту деңгейі дәлдіктің өсуіне елеулі әсер етеді. Бұлшықет күші, статикалық және жалпы шыдамдылық, сонымен бірге негізгі қимыл әрекетінің соңғы фазасындағы қозғалыс шапшаңдығы жеткілікті жоғары ептілік пен қозғалғыштық негізінде тепе-теңдікпен, дәлдікпен аса үйлесімді болуы тиіс.
Дәлдік екі нақты өлшеммен сипатталады: тигізу саны және нысананы ату дәлдігі.
Мектеп оқушыларында дәлдікті дамытуға бағытталған педагогикалық эксперимент негізгі құрамдас әдістемелерді анықтады. Лақтырғанда қимыл әрекетінің тиімділігі ол аяқталған кезде белгілі болады. Бұл осы дене жаттығуына тұрақты қызығушылық тудыруға мүмкіндік береді, табанды түрде жетілдіру қажеттілігіне сендіреді. Мысалы, доппен баскетбол сақинасына 10 нан 10 рет дәл түсіру үшін, адам қызығушылықпен қатар өзімен-өзі жарысады [4].
Кез-келген педагогикалық үрдісте бастапқы деректерді анықтау маңызды. Дәлдікті дамытуда осы міндетті шешу үшін, нақты орнатылған нысанаға тигізумен байланысты жаттығулар орындауды бағалауға тесттер дайындалып, пайдаланылды.
Бұл белсенді ұйымдастыру мен оқу шығындарын қажет етпейді. Гимнастикалық қабырға аралықтарына бір ретпен әр түрлі өлшемді (50х50, 40х40 және 30х30 см) үш нысана бекітілді. Оларға тигізу нысана өлшеміне байланысты 3,4 және 5 баллмен бағаланды. Әртүрлі бастапқы қалып пайдалану (бір тізелеп тұру, отыру, жату), сондай-ақ нысана орналастыру қашықтығы мен биіктігін өзгерту тесттерді күрделілендіруге мүмкіндік берді. Мақсат – нысанаға бірінші әрекеттен тигізу (б.қ. өзгертуде).
Дәлдік көрсеткіштері жақсарған сайын нысанаға тигізу шарттарын күрделендірген жөн, мысалы, жаттығуларды спорт залында ғана емес, мектеп спорт алаңында орындау. Бұл қимыл әрекеттерін елеулі түрлендіруге, дәлдіктің динамикалық түрлері – жүру, жүгіру, секіруге көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Мектеп спорт алаңы сондай-ақ нысанды едәуір түрлендіруге мүмкіндік береді. Оларды баскетбол қалқанына, футбол қақпасына, биіктікке секіру тұғырына бекітуге, биіктігін, орналасуын өзгертуге, не кішірейтуге, лақтыру қашықтығын ұлғайтуға, мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуға болады.
Дәлдіктің айқындалуы басқа да қозғалыс-координациялық қабілеттерді дамытумен байланысты, сондықтан олардың көрсеткіштері дене дайындығы мен жаттығу дәрежесіне байланысты.
Дәлдікті дамыту тапсырмасына оқушылардың жас ерекшеліктері есепке алынып, арнайы жаттығулар іріктеледі, мысалы, бастауыш сыныптарда (1-3 сынып) балалар кіші допты өлшемі 50х50 см нысанаға тұрып, отырып және жатып 10 метрден лақтырады. Мұнда нысанаға дейінгі арақашықтықты оқушының дене даярлығына қарай азайтады немесе ұлғайтады.
Балалар алғашқы әрекеттерді өз еркінше орындайды. Нәтижелерді қысқа талдаудан соң мұғалім бәріне бірдей бастапқы қалыптан бірдей жаттығулар орындауды ұсынады: бір аяқ жарты адым алға, доп оң және сол қолда. Бұл қалыптың артықшылығын түсіндіріп, мұғалім осы нұсқаның ғана ең тиімді ретінде пайдалануды ұсынады.
Орта мектеп жасындағы оқушылар үлкен (50х50 см) және орта (40х40 см) нысананы пайдаланып, доп не гранат лақтыруды орындай алады. Қозғалыс тапсырмаларын табысты орындаса балаларға доп пен гранатты 20 метрден екі нысанаға кезек лақтыруға рұқсат етіледі.
Жоғары сыныптарда шағын нысанаға (30х30 см) лақтыру тапсырмасын қосады. Мұнда да жеке ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі сақталады. Қозғалыс міндетін күрделілендірудің басқа да нұсқаларын пайдаланады: доптың салмағын ұлғайтады, қосымша қимылдар кіргізеді (бір және екінші жағына бұрылу, жүрелеп отыру, көзді жұмып лақтыру).
Мектеп бағдарламасында гранатты нысанаға лақтыру қарастырылған. Бұл затты пайдалануда жарақаттанудың артуына байланысты сабақтарды аса мұқияттылықпен (жауапкершілікпен) ұйымдастыруды талап етеді. Лақтыруда қашықтық ұлғайту одан да жоғары талаптар қояды. Қозғалыс әркеттерін күрделілендіру көру қабілетін, өрісін дамыту, құрал салмағы мен арақашықтықты ұзартып-өзгертуге бағытталған жаттығулар көмегімен жалпы дене дайындығын жатеілдіруге болады.
Жоғары мектеп жасы салыстырмалы көп қозғалыс тәжірибесімен, сондай-ақ қозғалыс қызметінің сапалы жақтарын дамытудың жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. Кәсіби бағдардың қалыптасуының басталуының белгілі маңыздылығы бар. Мысалы, өзін әскери мамандыққа, әскери қызмет атқаруға дайындаған жасөспірімдер «дәлдік» қабілетінің зор қолданбалы маңызын жоғары бағалайды.
Дәлдікті дамытуға саналы көзқарас қосымша өз бетімен жаттығуға ұмтылдырады. Біртіндеп жаттығуларды күрделендіреді: гранат салмағын ұлғайтады, лақтыруды дене жүктемесі негізінде орындайды, бастапқы қалыпты түрлендіреді: биіктен төменге және керісінше, тасадан лақтыру т.с.с. жоғары сынып оқушылары, ең алдымен жасөспірімдерде дәлдікті дамыту әскери қызметке даярлықпен тікелей байланысты болуы тиіс.
Егер тіпті кәсіби әскерге ауысса да, жеткіншектердің адамгершілік жетілдіруінің маңызды кезеңі ретінде, қолданбалы дене дайындығын жете бағаламауға болмайды.
Жасөспірімдер арасында «Жас Ұлан», «Сарбаз», «Қалқан», «Алау», әскери-спорттық ойындарын өткізу ұжымшылдық, өзара көмек, жауапкершілік, табандылық, еңбексүйгіштік сияқты бағалы қасиеттерді тәрбиелеуге зор мүмкіндіктер жасайды. Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу жасөспірімдер мен бойжеткендердің дене қабілеттері мен денесінің жан-жақты дамуын жетілдіреді [5].
Отансүйгіштікті тәрбиелеу әскери-спорттық ойындардың негізгі өзегі, өскелең ұрпақтың адамгершілік қасиетін қалыптастырудың маңызды педагогикалық аспектілерінің бірі болып табылады.
Рухани және дене жағынан күшті адам әділдік пен мейірбандықты қорғауға бейім. Мейірбандық пен қаскүнемдікке көзқарас қоғамдық өмірдің басты өлшемі ретінде адамның құндылық бағдары мен ішкі дүниесін анықтап, оны шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен мақсат қою – адамның орта мектепті оқу кезінде және нақты оқу жылы, тоқсан, жеке сабақта және рухани, дене дамуы әдістемесінің бүкіл қалған элементтерінің өзегі болып табылады.
Дәлдікті дамыту және жетілдіру әдістемесінің мазмұны мыналарды қамтиды:
- адамгершілік және моральдық ерік-жігер қабілеттерін қалыптастыру мақсатын қою (отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, өз отанын нығайтуға бағытталған, белсенді өмір ұстанымы);
- жан мен тәнді өздгінен жетілдіруде шынықтыру әдістері мен құралдарын қолданып, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, ең алдымен дәлдікті дамытуда тұрақты жұмыс істеу қажеттілігіне сендіру, түсіндіру, әңгімелер өткізу, қазіргі қозғалысаралық, өңіраралық қақтығыстар мен соғыстардың өзіндік ерекшелігін арнайы дайындықтан өткен жоғары дәрежелі атқыш-мерген азаматтар, сондай-ақ әйелдердің соғыс қимылдарындағы рөлін атап өту қажет;
- дәлдікті дамыту және жетілдіруге күрделілігі жағынан саналуан жаттығулар жүйесін қолдану;
- осы қабілет көрсеткіштерін ұлғайтуға бағытталған әдістер мен әдістемелік тәсілдер кешені (әр түрлі салмақты заттар мен жабдықтарды әртүрлі бастапқы қалыптан нысанадан арақашықтықты өзгертіп, басқа да қимыл әрекеттермен бірге, қиындатылған жағдайларда лақтыру);
- әртүрлі тәсілдерді пайдаланып екі қолмен қарудың әр түрімен нысананы (тирді) ату.
Педагогикалық зерттеу нәтижелері дәлдікті дамыту және жетілдірудің ұсынылған әдістемесінің тиімділігін растады. Барлық жас топтарындағы мектеп оқушылары дамытылатын қабілет көрсеткіштерін жетілдіруге бағытталған барлық қимыл тапсырмаларды зор құлшыныспен орындады.
Жүргізілген зерттеулер, жоғары сынып оқушыларын жан-жақты дене дайындығын дамытуға бағытталған, «Жас Ұлан», «Сарбаз», «Қалқан», «Алау», т.б. әскерилендірілген патриоттық ойындарды қайта жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
Бұл ойындардың маңыздылығы, өскелең ұрпақтың моральдық ерік-жігер және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған орасан зор тәрбиелік әлеуетінде деп түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |