Луиза Хей Көгілдір кітап


Өзіңіздің шығармашылық бастауыңызды таныту



Pdf көрінісі
бет108/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115
2 5429156790371615512

Өзіңіздің шығармашылық бастауыңызды таныту 

Өзіміздің ішкі көзімізді ашып, біздер өз көзқарастарымызды кеңітеміз. 

«Өміріңнің  басты  мақсаты  не?»  деп  менен  біреулер  сұрар  болса,  мен  «жұмыс» 

деп  жауап  берер  едім.  Өз  жұмысын  жек  көретін  адамдар  оны  орындаудан  бас  тартуы 

тиіс, басқа жұмысқа ауыссын. 



 

62 


Біздің көбіміз лайықты өмір сүру үшін жұмысқа барымызды салуымыз керек деп 

санаймыз. Ол тек қана сіз сүйікті іспен айналысқан кезде ғана дұрыс. 

Мен  адамдарға  жәрдем  қолын  жиі  созамын.  Егер  олар  менің  жәрдемімнің 

нәтижесінде бір нәрсе үйренгісі келсе құба-құп, егер олар мені өзінің деңгейіне қарай 

тарта бастаса, мен олармен тез қоштасамын. 

Жұмыс  –  ақша  табудың  бірден-бір  көзі  емес.  Ақша  –  сіздің  жұмысыңыздың 

мақсаты емес. Ол сізге өзге жолдармен я тәсілдермен де келуі мүмкін.  

Жұмыстағы  қарым-қатынас  отбасындағы  қарым-қатынасқа  ұқсас.  Біреулер 

«менің  жұмысым  жақсы,  бірақ  ол  жердегі  кейбір  жексұрындармен  істес  болғым 

келмейді»  дейді.  Оның  орнында  мен  «мен  соншалықты  тамаша  жерде  қызмет  етіп 

жүрмін»  дер  едім.  Осы  философияны  ұстанғанда  маған  ұнамайтын  қызметтестерім 

өзгерер еді. 

Әрбір  адамнан  бір  жақсы  қасиет  табуға  болады.  Сондықтан  оның  жақсы 

жақтарына көңіл аударыңыз, сонда ол бұрынғыдан жақсырақ бола түседі. Нашар мінез 

осылай ғана жөнделеді. Сізге жарамсыз сөздер айтып, жолдан тайдырғысы келетіндер 

де  кездеседі.  Оған  көңіл  бөлмеңіз.  Сіз  өзіңіздің  ол  жағдайға  деген  теріс  көңіл-

күйіңізден құтылыңыз, сонда бәрі де қалпына келеді. 

Біреумен  өзіңізді  салыстыру  я  күндестік  байқату  өркөкіректікті  туындатады. 

Барлығы  өзгерісте.  Бүгінгі  жетістік  ертеңге  төмен  саналуы  мүмкін.  Сондықтан  өсу 

жолында,  әсіресе  рухани  өсуде  іштей  өсуді  ұдайы  жалғастырып,  ішкі  дауысқа  құлақ 

қойған жөн, ол нақ осы жағдайда қалай жасау керектігіне кеңес береді. 

Бизнес саласында жетекшілік ететін адамдар өзінің Құдайлық Санасымен ұдайы 

байланыста  болуы  тиіс.  Қызметтегі  әріптестерге  ашық  болып,  оларға  өз  пікірлерін 

айтуға  мүмкіндік  берген  жөн.  Әрбір  қызметкер  өзін  шығармашыл  азамат  ретінде 

танысын.  Сонда  компанияның  ісі  ілгері  басады,  ұжым  тұрақталады.  Өйткені  адамдар 

жұмысқа тек айлық алу үшін ғана келмейді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет