Луиза Хей Көгілдір кітап


Өз танымдарыңызды өзгертсеңіз, сіздің өміріңіз өзгереді!



Pdf көрінісі
бет31/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115
2 5429156790371615512

Өз танымдарыңызды өзгертсеңіз, сіздің өміріңіз өзгереді! 

Біздің әрбір ойымызды  өзгертуге  болады! 

Егер  сізді  үнемі  қажетсіз  ойлар    мазаласа,  ондай    ойларды  тоқтатып,  оларға: 

«Жоғал!» деңіз. Оның орнына сізге сәттілік әкелетін мынадай  ойларды қабылдаңыз. 

 

Қалай өзгеруге болады? 

Бұның  негізінде үш негізгі принцип  жатыр: 

Өзгеруге құлықтылық. 

Ақылға бақылау  қою. 

Өзіңді және өзгелерді кешіру. 

Өзгеруге  құлықтылық  туралы  жоғарыда  айттық,  енді  ақылға  бақылау    қою 

туралы айтайық. Біздің бәріміз ақылымызға қарағанда әлдеқайда зорырақ бір нәрсеміз. 

Сіз  мүмкін,  өміріңіздегі  барлық  нәрселерге  ақыл  жауапты  деп  ойлайтын  шығарсыз. 

Бірақ  бұндай  таным  сіздің  осылай  ойлайтындығыңызға  ғана  негізделген.  Сіздің 

ақылыңыз  –  бұл  олай  да,    бұлай  да  қолдануға  болатын  қару.  Ол  әрқашан  сіздің 

қызметіңізде.  Бір  минутқа  ойыңыздағы  «мылжыңды»  өшіріңіз  де  «Сіздің  ақылыңыз  – 

сіздің  қаруыңыз» деген пікірдің мәні туралы ойланыңыз. Оны қалай  пайдалануды сіз 

өзіңіз шешесіз. 

Сіз  таңдайтын  ойлар  сіздің  барлық  өмірлік  жағдаяттарыңызды  тудырады.  Ой 

мен  сөзде    адам    сенбестей  күш  бар.  Сіз  өзіңіздің  ойыңыз  бен  сөзіңізге  бақылау  

жасаған  кезде,  сіз  бұл  күшпенен  үйлесімде  боласыз.  Сіздің  ақылыңыз  сізге  бақылау 

жасайды деп ойламаңыз.  Тіпті, керісінше, сіз ақылыңызға бақылау жасайсыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет