Луиза Хей Көгілдір кітап


«Ойша көзге елестету» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет36/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115
2 5429156790371615512

«Ойша көзге елестету» жаттығуы 

Міне,  тағы  бір  өте  жақсы  жаттығу.  Өзіңізді  жас  сәби  қылып    елестетіңіз  (5-6 

жасар). Осы сәбидің көзіне  терең  қадалып қараңыз.  Терең  мұңды көруге және оның 

сізге деген махаббат мұңы екенін түсінуге   тырысыңыз. Қолыңызды созып, кішкентай 

сәбиді құшақтаңыз, көкірегіңізге басыңыз. Оған қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Сіз 

оның  ақылдылығын  мақтаныш  тұтатыныңызды,  егер  ол  қателік  жасаса  ештеңе 

етпейтінін,  ондайды  жұрттың  бәрінің  де  жасайтынын  айтыңыз.  Егер    қажет  болса  сіз 

оған қашан болса да көмекке баруға уәде беріңіз. Енді сәби тип-титтей, бұршақтай ғана 

сәбиге айналсын. Оны өзіңіздің жүрегіңізге қойыңыз. Ол сол жерден орын алсын. Сіз 

төмен қараған кезде оның  кішкентай сұлбасын көріп, ол үшін үлкен мәнге ие барлық 

махаббатыңызды бере аласыз. 

Енді  4-5  жастағы    үрейлі  және  махаббатқа    шөліркеген  өз  мамаңызды    көз 

алдыңызға  елестетіңіз.  Оған  да  қолыңызды  созып,  сіз  оны  қалай  жақсы    көретініңізді 

айтыңыз. Ешқандай жағдайға қарамастан оның сізге арқа  сүйей алатынын айтыңыз. Ол 

тынышталып, өзін қауіпсіз  сезінген кезде, оны өзіңіздің жүрегіңізге орналастырыңыз. 

Ал енді әкеңізді 3-4 жастағы кішкентай бала қылып елестетіңіз, ол да бірдеңеден 

қорқады  және  қатты  өксіп  жылауда.  Сіз  оның  денесіне    бұршақтап    құйылып  жатқан  

көз жасын көресіз. Сіз  енді  жас балаларды  қалай тыныштандыру керек екенін білесіз. 

Оны  кеудеңізге  қысып,  денесіндегі  дірілді  сезініңіз.  Тыныштандырыңыз.  Ол  сіздің 



махаббатыңызды сезінсін. Сіз оған онымен бірге болатыныңызды айтыңыз. Оның көз 

жасы  кепкен кезде ол да құртымдай болсын. Оны өзіңізбен және  мамаңызбен  бірге 

жүрегіңізге  орналастырыңыз.  Олардың  барлығын  сүйіңіз,  дүниеде  кішкентай  балаға 

махаббаттан  артық  қасиетті    ештеңе  жоқ.  Біздің  жүрегімізде  күллі  планетаны 

сауықтыруға жетерлік  махаббат бар. Бірақ, алдымен біз өзімізді өзіміз сауықтырайық. 

Сіздің  барлық тәніңізге тарап жатқан жылылықты, жұмсақтық пен нәзіктікті сезініңіз. 

Бұл қымбат сезім сіздің өміріңізді  өзгертсін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет