Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет37/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115
2 5429156790371615512

Күнделікті еңбек 

Мен  күнді  әдетте  былай  өткіземін:    таңертең  оянып,  көзімді    ашар  алдында 

қолымдағы  барыма  ризашылығымды  білдіремін.  Суға  шайынып  алғаннан  кейін 

медитация  жасап,  жарты  сағаттай  Құдайға  құлшылық  етемін.  Сосын  таңертеңгілік 

гимнастика (15 минут). Кейде мен гимнастиканы сағат алтыдағы таңғы бағдарламамен 

бірге  жасаймын.  Менің    таңғы    асым  жемістер  мен  шөптен  жасалған  шайдан  тұрады. 

Маған  тағам бергені  үшін  мен  тағы  да  Жер-Анаға  алғыс  айтамын.  Ланчтың    алдында 

айнаға  барып,  жаттығу  жасаймын;  мына  сөздерді  дауыстап    айтамын  немесе 

өлеңдетемін:  

Луиза, сен кереметсің, мен  сені  жақсы  көремін

Бұл  менің  өмірімдегі  ең  тамаша  күн; 

Сенің білгің  келген  нәрсенің бәрі  саған өзі  келеді

Барлығы тамаша. 

Әдетте,  мен  ланчта  үлкен  салат  жеймін.  Және  асыма  шүкірлік  етемін.  Күндіз 

мақсаттар  жазылған  таспаны  тыңдаймын.  Кешкі  асқа  буланған  көкөністер  мен  каша 

жеймін. Кейде тауық не балық жеймін. Менің денеме  бәрінен де қарапайым  тағамдар 

тиімді. Кешке мен оқимын немесе  жұмыс  жасаймын. Ұйықтауға жатып, өткен күнді 

ойша шолып өтемін де оған алғыс білдіремін. Мен тамаша ұйықтаймын және таңертең 

керемет күн үшін тұрамын деп айтамын. Ерсілеу естіледі, рас емес пе? 




 

18 


 Ал сіз өз күніңізді қалай бастайсыз? Таңертең сіз тұрған кезде сіз не айтасыз, я  

ойлайсыз?  Таңертең  оянып: «Құдайым-ай тағы да  ояну  керек. Басқа күн» деп ойлаған 

уақыттар  да    есімде.  Және  қалай  елестетсем  тура    солай  алдымнан  шығатын.  Бірінен 

кейін  бірі  қаптаған  кесапаттар.  Қазір    көзімді  ашар  алдында  жақсы  түсім  үшін  және 

менің өмірімдегі барлық жақсылықтар үшін алғысымды айтамын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет