Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет5/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
2 5429156790371615512

Мен неге сенемін? 

Өмір өте қарапайым.  Біз не берсек, соны аламыз. 

Жұрттың  барлығының,  оның  ішінде  мен  де,  біздің  өміріміздегі  жақсы-жаман 

оқиғалар  үшін  100  пайыз  жауапкершілік  арқалайтынымызға  сенімдімін.  Біздің  әрбір 

ойымыз  біздің  болашағымызды  құрайды.  Әрбір  адам  өмірде  оқиғаны  ой  мен  сезімнің 

қатысы  арқылы  жасайды.  Біз  ойлайтын  ойлар  мен  сол    ойларды  бейнелейтін  сөздер 

өмірде басымыздан өткізетін жайлардың бәрін туындатады. Өмірдегі сол немесе басқа 

жайлардың  барлығын  да  біз  өзіміз  қалаймыз,  сосын  өзіміздің  бақытсыздығымыз  бен 

келеңсіздігіміз  үшін  басқаларды  қарғап,  күш  жұмсап  жатамыз.  Біз  өзіміз  -  өз 

уайымымыз, қоршаған орта шындығы мен ондағы барлық нәрселердің бастауы болып 

табыламыз.  Екінші  жағынан  алғанда,  өз  санамыздағы  үйлесімділік  пен  тепе-теңдікті 

ұстана отырып, біз өмірде сол нәрселерді кездестіре бастаймыз.  

Сізді дәл суреттеген қай сөйлем? 

«Бұл өмірде адамдар маған жамандық жасайды». 

«Жұрттың бәрі  менің проблемамды шешуге көмектеседі». 

Біз неге сенсек, сол біздің шындығымызға айналады. Біз өзіміз сенетін нәрселер 

мен  өз  ойларымызды  өзіміз  таңдаймыз.  Біздің    санамыздан  тысқары  ақылымыз  біз 

сенетін  нәрселердің  бәрін  қабылдайды.  Біздің    нені  ойлауды  миллиондап  таңдауға 

мүмкіндігіміз  бар.  Біз  осыны  сезінген  кезде,  «Адамдар  маған  жамандық  жасайды» 

дегеннің  орнына  «Жұрттың  бәрі  маған  көмектесуге  тырысады»  деп  ойлауға  болады. 

Жаратылыс  күштері  бізді  ешқашан  соттамайды  да,  сынамайды  да.  Олар  біз  қандай 

болсақ,  сол  қалпымызда  қабылдайды.  Сосын  автоматты  түрде  танымды  бейнелейді. 

Егер  сіз  ылғи  да  жалғызбын,  мені  ешкім  жақсы  көрмейді  деп  ойлауды  жөн  көрсеңіз, 

онда сіз солай өмір сүресіз.  

Бірақ,  сіз  «Дүниеде  махаббат  бар,  ал  мен  ұнатамын  және  ұнамдымын»  деп 

ойласаңыз,  және  бұл  сөзді  жиі  қайталасаңыз,  онда  сіз  бұны  өз  басыңыздан  өткере  де 

аласыз. Сіздің  өміріңізде күтпеген жерден көптеген  тамаша адамдар пайда болады, ал 

сізді жақсы көретіндер одан сайын жақсы көретін болады.  




 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет