Егер біз жайсыз отбасында өссек, онда қайткен күнде де даулы жағдайлардан
қашуға тырысамыз. Соның нәтижесінде біз сезімді толықтай түйсінуден бас тартамыз.
Әдетте, біздерді де түсінулері мүмкін-ау дегенге сенбейміз, сондықтан ешкімнен
жәрдем сұрап жатпаймыз. Бізді өз мәселеңді өзің шеше алатындай мықты болуға
тиіссің деп үйреткен. Мұндай тәсілдің кемшілігі – біз өз сезімдерімізбен байланысқа
52
түсу әрекетінде ылғи да жеңіліске ұшыраймыз. Сезім деген адамның өзімен, өзге
адамдармен, барлық қоршап тұрған әлеммен қарым-қатынас құрудағы ең маңызды
звено. Сезім біздерге ненің жақсы, ненің жаман екенін білдіріп тұрады. Оны
тұншықтыру түрлі уайымдар мен кеселдерді көбейтеді. Сіз нені сезіне алсаңыз, соны
емдеп жаза аласыз. Егер сіз өз ішіңізде не болып жатқанын сезіне алмасаңыз, онда сіз
ешуақытта айығу процесін неден бастау керектігін білмейсіз.
Бір жағынан, біздердің көбіміз өмірде ылғи айып сезімін, қызғанышты,
қорқыныш пен мұңды сезінеміз. Осы сезімдерді өзімізде сақтай берсек, біз жағдайды
нашарлата береміз. Біз өзімізді құрбандық ретінде сезінуді қойған кезде ғана күшіміз
қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: