Күніне – медитация
Мен сізге әр күні санаңызды тыныштық қалпына келтіріп, ІШКІ ДАНАЛЫҚТЫ
тыңдауға кеңес беремін. Медитация жасау - өте қарапайым іс. Ол үшін әбден босаңсып,
“махаббат”, “тыныштық” деген секілді сіз үшін маңызы бар сөздерді іштей қайталаңыз.
Мынадай мақұлдауларды да қайталап айтуға болады: “Мен өзімді сүйемін”, “Мен
өзімді кешіремін” немесе “Мені кешірді”. Сосын ішкі сезіну күйіңізге құлақ түріңіз.
Кейбіреулер медитация жасау күрделі бір іс деп ойлайды, медитация кезінде
ойлау процесінің өзі тоқтап қалатындай көреді. Онда ойлау жолы аз ғана тежелуі
мүмкін, есесіне ол еркін ағысқа көшеді. Кейбіреулер қолына қағаз-қалам алып, барлық
теріс ойларын жаза жүреді. Ол да мұндай ойларды босатып қоя беруге жәрдемін
тигізеді.
Медитацияны тұрмыстық әдетіңізге айналдыруға тырысыңыз. Оны кез-келген
жағдайда орындай беруге болады. Біреулер тез жүгіріп бара жатып медитация жасайды,
біреулер жай серуендеу кезін пайдаланады. Сіз өз тәсіліңізді ойлап табуыңызға болады,
ол тек өзіңізге қолайлы болса болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |