3-бөлім. Өзіңе деген махаббат
Соңғы рет қашан сүйгеніңіз және жүрегіңіздің кеудеңізге симай тулағаны
есіңізде ме? Ол қандай тамаша сәт еді… Сіз өзіңізді-өзіңіз сүйе білсеңіз де тап солай
болады. Оның айырмашылығы – ол махаббат қашан да сізбен бірге қалады. Ол – сіздің
басыңыздан кешкен тамаша сезімдердің ішіндегі ең тамашасы.
Өзіңді-өзің қалай сүю керек?
Кешіре білу мен өзіңнен босатып қоя беру қабілеті сізге көтере алмас салмақтан
құтылуға ғана емес өзіңе деген махаббатқа да қақпа ашады.
Өзіңе деген махаббат – ең қызықты оқиға. Ол – ұшуды үйренумен бірдей. Ойлап
қараңыз, біз ешқандай күш жұмсамай-ақ, қаласақ болды ұшып кете аламыз. Өзіңе деген
махаббат та солай, сондықтан өзіңді сүюді тап қазір бастау керек.
Біздердің көбіміз өзімізді-өзіміз құрметтей білмейміз, өйткені өзімізді
“кемшілігіміз жоқ” деп санамаймыз. Біздің мүлт кетулеріміз бен қателіктеріміз бізді
қалай болсақ сол күйімізде сүюге жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |