Луиза Хей Көгілдір кітап


Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін кінәлау мен



Pdf көрінісі
бет12/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
2 5429156790371615512

Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін кінәлау мен 

қорқыныш тудыратынына мен сенімдімін 

Бұл  сезімдер  өзінің  проблемасына  өзгелерді  кінәлайтын  адамдарда  болады. 

Түсінесіз  бе,  егер  біз  өзіміз    басымыздан  өтіп  жатқан  жайларға  өзіміз  100  пайыз 

жауапкершілікті  арқалайтын  болсақ,  онда    кімді  сөгеміз?!  Сіздің  өмірде  басыңыздан 

өткерген  жайлардың  бәрі  -    сіздің    өз  ішкі  ойыңыздың  бейнеленуі.  Мен  кейбір 

адамдардың  келеңсіз  қылықтарын  жақтамаймын,  біз  үшін  маңыздысы  бізге  осылай 

қарым-қатынас  жасаған  адамдарды  біздің  танымымыз  өзіне  тартатынын  түсіну.  Егер 

сіз:  «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе істемейді, менімен еден сүрткісі 

келеді»  деп  ойласаңыз,  бұл  сіздің  ойлау  қалыбыңыз.  Сіздің  бүкіл  өміріңізде  осындай 

адамдарды  өзіне  тартып  тұратын  ой  сізде  терең  сақталған,  егер  одан  бас  тартсаңыз, 

ондай  адамдар  сіздің  өміріңізде  өз-өзінен  жоғалады.  Сіз  бұдан  былай  мұндай  

адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз. 

Мен  төменде  тәни  дәрежеде    көрініс  табатын  осындай  ойлау  қалыбының 

нәтижесін  келтіремін:  1.  Ұзақ  уақыт  бойы  жинақталған  ашу-ыза,  өз-өзіне  көңіл 

толмаушылық,  реніш  тәнді  жеп,    ҚАТЕРЛІ  ІСІК  (рак)  ауруына    айналады.  2. 

Басқаларды үнемі сынау ревматизм сырқатына шалдықтырады.  

Кінәлі сезіну әрқашан жазалануға алып барады, ал жазалау қиналуды тудырады. 

Ол  тудыратын  қорқыныш  пен  тығырық  асқазан  жарасы  мен  аяқ  ауруының  және 

шаштың түсуінің пайда болуына бірден бір себепкер. Мен өз тәжірибемнен реніш пен 

ашу-ызадан  құтылу  тіпті  қатерлі  ісікті  де  жоқ  қылатынын  білдім.  Сырттай  қарағанда 




 

бұлай  түйіндеу  қарабайыр  боп  көрінуі  мүмкін,  бірақ  менің  өзім  оны  көрдім  және  өз 



басымнан өткердім.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет