Сөз соңы
Мен сіздермен белгілі ұстаз Эмметт Фокстың мына сөздерімен бөліскім келеді:
“Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ.
Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ.
Махаббат жарып өтпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнә жоқ. Жамандық
біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің
болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да,
махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді. Егер сіз өзіңізді сүйе алсаңыз, онда
жер бетіндегі ең бақытты, ең күшті адам болғаныңыз”.
Сіз мұның рас екенін білесіз. Бұл – ақиқат сөзі. Сіз бақытты және өте құдіретті
бола алатын сонау бастау нүктесін қалай ғана тапсақ екен? Менің ойымша сіздің өз
кеңістігіңізге саяхатыңыз басталды. Біз өз ішімізде жасырынып жатқан сол бір Күшті
санамызбен сезінуді бастадық. Біз ылғи да жайсыз және қобалжумен өмір сүрсек, оны
ешуақытта иелене алмаймыз. Өзімізді-өзіміз қаншалықты терең тани бастасақ, Әлемнің
қуатының бізге қолдауын соншалықты тезірек сезінеміз. Біз қиялға келмеген
жетістіктерге жетуге қабілеттіміз.
Тағы да бір рет кеудеңізді кере дем алыңыз. Жүрегіңіздің еркінірек соғуына
мүмкіндік жасаңыз. Өзіңізді тани бастасаңыз – кедергілер бірінен соң бірі қирай
бастайды. Бүгін сіздің бақытқа жету және Ішкі Күшіңізді сезіну саяхатындағы бірінші
күніңіз болсын.
Мен сіздерді сүйемін.
Луиза Хей
Орыс тілінен аударылды.
VI-IX. 2003