Мұңлы жүзді адамды міндетті түрде көңілсіз ойлар иектейді. Бұл жағдайда қарттардың
жүзі қызығушылық тудырады. Олар - өмір бойғы ойлау жүйесінің тура бейнесі. Сіз
қартайған кезде қалай көрінесіз? Бұл кітапта мен метафизикалық диагноз бен көп
аурудың менталдық себебінің тізімін келтіремін. Бұл шамамен 90-95% дұрыс.
19
Бас біздің өзімізді бейнелейді. Бұл біздің дүниеге көрсететін нәрсеміз. Бізді
басымыздан таниды. Баста бір нәрсе дұрыс болмаса, біздің өзімізде бір нәрсенің дұрыс
болмағаны.
Шаш күш-қуатты білдіреді. Біз қорыққан кезде әдетте иық бұлшық еттерінде
басталып, сосын басқа баратын, ал кейде көзге баратын «болат белдікті» жасаймыз.
Шаш шаш қапшықшалары арқылы өседі. Бас сүйегіне салмақ салған кезде бұл
қапшалар автоматты түрде жабылып, шаштар семіп, түсе бастайды. Егер үнемі салмақ
түсіп, бас сүйегі дем алмайтын болса шаш өсуін тоқтатады. Нәтиже – бастың
қасқалануы. Әйелдер шашының қасқалануы олардың «іскер» ерлер әлеміне енуінен
басталады. Біз әрине, мұны аңғара бермейміз, себебі, көптеген париктер табиғи
көрінеді.
Құлақ есту және тыңдау мүмкіндігіне ие. Егер адамның құлағының мүкістігі
болатын болса, бұл оны есту мүмкіндігінен бас тартқызып тұрған өміріндегі болып
жатқан жағдайға байланысты. Құлақтың ауруы – бұл сіз естуге тиісті нәрсеге
байланысты қобалжуды білдіреді. Балалардың құлағы үнемі ауырады. Олардың
тыңдағысы келмеген нәрсені үйде жиі тыңдауына тура келеді. Сәбидің ашу білдіруіне
тыйым салынады, шын мәнінде олардың бір нәрсені өзгертуге дәрменсіздігі құлақ
ауруына әкеп соғады.
Саңыраулық ұзаққа, мүмкін өмір бойына созылатын, біреуді тыңдауға деген
құлықсыздықты блдіреді. Көңіл аударыңыз: кейде есту аппаратымен жүрген серіктесті
кездестірсек, енді бірі ауыз жаппай сөйлеумен болады …
Көз көру мүмкіндігін білдіреді. Егер көзіңізге байланысты проблема туындап
жатса, бұл әдетте не өзіңіздегі немесе өз өміріңіздегі бірдеңені көруден бас тартуды
білдіреді. Мен көзілдірік киген балаларды көрген кезде олардың үйлеріндегі бір
жайсыздықты білемін: олар тура мағынасында нәрселерді көруден бас тартады. Егер
олардың үйдегі жағдайды түзеуге күші келмесе, онда олар көздерін анық көру
мүмкіндігінен айыру үшін жанарларын сейілтеді.
Достарыңызбен бөлісу: