Өміріңізге махаббатты енгізу
Махаббат біздің өмірімізде күтпеген жерден пайда болады. Егер сіз
махаббатты үнемі іздесеңіз, бұдан ештеңе де шықпайды. Махаббат қашан да біздің
ішкі дүниемізде, ол – сырт көрініс емес.
Махаббат бірден келсін деп табандатудың қажеті жоқ. Сіздің дайын
болмауыңыз мүмкін. Немесе осы негізде рухани жеткілікті дамымағансыз. Сіздің
тырнағыңызға да тұрмайтын адамдарға өзіңізді шығын қылудың қажеті жоқ. Өз
ұмтылысыңыздың дәрежесін нақты анықтау керек. Сізге өмірде қандай махаббат
керек? Осы қасиеттерді алдымен өзіңізде дамытыңыз, тек сонда ғана сіз өзіңіздің
көңіліңіздегі адамды тартатын жағдайда боласыз. Қараңыз, сізге бұндай қарым-қатынас
жасауға не бөгет? Мүмкін, басқалардың сынауы. Жан-жақты жетілмеушілік сезімі ме?
Ұмтылыстың өте жоғарылығы ма? Киножұлдыздар бейнесі ме? Ашыналық қорқыныш
па? Сізді ешкім сүйе алмайды деген таным ба?
24
Махаббат келген кезде сүюге дайын болыңыз. Сүйіңіз – сізді де сүйетін
болады. Өз ниетіңізде ашық болыңыз, сонда барлығы да жақсы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |