Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет96/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
2 5429156790371615512

Оптимист болу 

Мүмкін  сіздің  бір  жақын  адамыңыз  ауру  шығар.  Сіз  ол  туралы  аурудан  әбден 

әлсіреген  адам  ретінде  ойласаңыз,  онда  әділетсіздікке  жол  бергеніңіз.  Сіз  ойша  ол 

адамды  сап-сау  деп  санаңыз.  Оған  мейірім  мен  махаббат  толқындарын  жолдаңыз. 

Дегенмен, аурудан айығу алдымен ауырған кісінің өзіне байланысты. 

5. Ендігі қадам  - ӨЗІҢДІ МАҚТАУДЫ үйрену. Егер сын ішкі діңгекті қиратса, 

мақтау оны қалыптастырады. Өзіңізге өте әсем екеніңізді айтыңыз. Бір рет қана айтып 

қоймай, ұдайы айтыңыз. Оған кеткен уақытқа өкінбеңіз.  

6.  ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ  СҮЮІҢ  –  ТАЯНЫШ  ТАПҚАНЫҢ.  Достарыңызға  барып 

жәрдем сұраудан арланбаңыз, қиын кезеңде жәрдем сұрау осалдық емес күштілік. Тек 

өзіне  ғана  сеніп,  өзіне  ғана  сүйене  бермеген  жөн.  Жәрдем  сұрайтын  кезде  өрлікті 

төмендету  керек.  Жалғыз  өрмелеп,  осалдығыңыз  үшін  ызаланғаннан  жәрдем  сұраған 

дұрыс. 

Жәрдемді жаныңызды түсінетіндерден, осы проблемаларды жетік білетіндерден 

іздеу керек. 

7.  ӨЗ  КЕМШІЛІКТЕРІҢ  МЕН  ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫҢДЫ  СҮЙЕ  БІЛ.  Біздегі 

және  өмірдегі  барлық  теріс  нәрселер  –  ғаламдық  үлкен  жоспардың  бір  бөлігі.  Әлемді 

тану  бағдарының  бір  бөлігі.    Адамзатты  жаратқан  Ғаламдық  Сана  бізді  қателік 

жасағанымыз  үшін  немесе  балаларымызға  өкпелеп  қалғанымыз  үшін  жек  көре 

алмайды.  Ғаламдық  Сана  біздің  қолымыздан  келгенше  тырысып  жатқанымызды 

көргенде  бізді  өзінің  махаббатымен  қорғайды.  Біздің  әрбіріміз  кейде  қателесуіміз  я 

дұрыс  таңдау  жасай  алмауымыз  мүмкін.    Ол  үшін  өзімізді  жазалай  берсек,  ол  біздің 

әдетімізге айналады және одан бас тарту қиындай береді.  



 

56 


8. ӨЗ ТӘНІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСА. Өз тәніңе біраз уақыт тұрған тамаша бір 

үйге қарағандай қара. Ондай үйді күту де рахат әкелмей ме?  

Өз  тәнін  жақтырмаған  адам  арақ  пен  есірткіге,  я  болмаса  тамақты  көп  жеуге 

әуестенеді.  Сізде  өз  тәніңіз  жайлы  оң  пікірлер  болсын  десеңіз  өзіңізді  өзіңіз  кешіріп, 

ашу мен ренішке рұқсат беріп шығарып салыңыз. 

9.  АЙНА  АЛДЫНДА  ЖАТТЫҒУ  маңызды.  Ол  арқылы  өзіңізге  деген 

махаббаттан сізді не ұстап тұрғанын біліп аласыз. Айна алдында жаттығудың тәсілдері 

көп.  Таңертең  тұрған  кезде,  айна  алдына  келіп:  «Мен  саған  бүгін  не  жасай  алар 

екенмін?  Саған  не  пайдалы  және  сені  не  рахаттандырады?»  деп  сұра.  Сөйт  те  ішкі 

дауысыңа  құлақ  түр.  Сол  кеңестерді  күні  бойы  басшылыққа  ал.  Кейбіріне  жауап  таба 

алмауың  мүмкін.  Ондай  болғанда  айна  алдына  барып:  “МЕН  БӘРІБІР  СЕНІ 

СҮЙЕМІН” де.  

Айна алдында тұрып кешіруді де үйренуге болады. Өзіңізді өзгелердің қателігі 

үшін  кешіріп  байқаңыз.  Айнаға  қарап,  сөйлескіңіз  келген,  бірақ  бетпе-бет  келуге 

тәуекел  ете  алмай  жүрген  адаммен    сөйлесуге  болады.  Осылайша  ата-анаңызбен, 

бастықпен,  дәрігерлермен,  балалармен,  жасырын  сүйіктілермен  сөйлесуге  болады. 

Бетпе-бет  келгенде  айта  алмайтын  сөзді  осылайша  айтып  алуға  болады.  Соңынан 

олардан махаббат пен мақұлдау күткеніңізді айтыңыз, өйткені сізге керегі нақ осы. 

Өзіне  сүйіспеншілікпен  қарай  алмаған  адам  кешіре де білмейді.  Мұнда  тікелей 

байланыс бар: кешірмесең сүйе алмайсың.  

Балаларыңыз  сізді  сүйе  алмайтын  жағдайды  басқа  салмасын.  Ал  олай  бола 

қалған жағдайда балалар сізді кешіре де алмайды.  

Отбасында  бір  адам  болса  да  аффирмациялармен  айналыссын,  сонда  жақсы 

жаққа  қарай  өзгеріс  көп  күттірмейді.  Өмір  болған  соң  ата-аналары  балаларымен 

сөйлеспей кететін жағдайлар да болады, олай болған кезде: “Менде отбасымның әрбір 

мүшесіне  керемет,  жылы,  махаббат  пен  сенімге  ашық  қатынас  бар”  деп  қайтала. 

Келісімге келе алмай жүрген туыстың атын атап та айна алдында аффирмация жасауға 

болады. 


10.  ӨЗІҢДІ  ҚАЗІР  СҮЙ.  Барлығы  келісе  бастаған  сәтті  күтіп  отырма.  Өзіңе 

деген мәңгі қанағатсыздық – бар болғаны әдет қана.  

Біз  өзге  адамдарды  өзгерте  алмаймыз,  сондықтан  оларды  өз  жайына  қойыңыз.  

Біреуді  өзгертемін  деп  бар  қуаттан  айырылуға  болады.  Сол  күштің  ең  болмаса 

жартысын өзіңізге жұмсасаңыз сіз басқаша болып кетер едіңіз. 

Сіз  басқа  біреуді  өмір  сүруге  үйрете  алмайсыз.  Әркім  өзінің  жеке  жолын  өтуі 

тиіс. Бізге тиесілісі - өзімізді өзіміз тануымыз. Ал өзіңе деген махаббат – осы бағыттағы 

алғашқы қадам.  

Біз бұл өмірге өмірдің өзінен үйрену  үшін келгенбіз. Ол  - өзіңді өзің қабылдау 

мен  өзіңе  деген  махаббаттан  басталады.  Сіз  бұл  өмірге  рухани  өсу,  басқаларға 

жанашырлық  пен  түсіністік  білдіру  үшін  келдіңіз.  Кеткен  кезіңізде  ақша  мен 

автомобиль,  жұмыс  пен  таныстарды  қалдырып  кетесіз.  Сізге  шындап  меншіктеліп 

қалатыны – сүйе білу. Басқа ештеңе де емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет