ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМ ІС-ӘРЕКЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты коорпорация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екенідігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы – оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жандандыру болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің бірліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікіті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы – ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова – “Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” - деп көрсеткен. [4,144]
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.
Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және тағы басқалары) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген (Д.Богоявинский, Н.Менчинская, Е.Кабанова-Меллер, В.Реметников және тағы басқалары). Н.Менчинская өз еңбегінде “жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушыларды ақыл-ой дамыуна елеулі әсер береді”- деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды.
Педагогикалық психологияда оқу жұмысының тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. “Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі” – дейді Е.Кабанова-Меллер. Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда, оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі, тәсілдері жасырынған.
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Гранит зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Педагогикалық психологияда және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі танымдық іс-әрекеттер топологияларын оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде толық функциональды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда - неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылықтық жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі бөлінеді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқу қызметінде әңгімелесу, пікір алмасу болады, яғни оқушылар мен оқушылар, ұстаздар мен оқушылар арасында кең дамыған әлеуметтік әрекеттестік жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ұжымдық оқу қызметі нәтижесінде біртіндеп оқуға деген ынта мен ептілік пайда болады. бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің падагогикалық ұйымдастырылуының мәнін толық ашу үшін алдымызға мынадай міндеттерді қоялық:
оқушылар алған білімдерін бірлікте, ұйымдасқанда көрсете білулері керек.
оқушылардың оқу міндеттері мен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру қажет.
ең алдымен мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып алып, содан соң балалардың ептілігі мен ынталығын атқара алуларына жағдай туғызуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттінің педагогикалық ұйымдастырылуын мына жүйе ретінде көрсетуге болады:
Жоғарыда көрсетілгендей ұжымдық таным іс-әрекеттерінде ұйымдастыруда ең бірінші, маңызды орынға мұғалім ие болады.
Ұжымдық таным іс-әрекеттерді ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың бойынна ең бірінші – танымдық қызығушылықты, танымдық белсенділікті, танымдық шығармашылықты, танымдық ойлау қабілетін, осыдан барып танымдық іс-әрекеттерді көре алуы тиіс. Міне сонда ғана мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыра алады.
Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің қозғалысының, интеллектуалдық дағдылардың маңызы ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, өз мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік “Мені” қалыптаса бастауы, қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі ұжымдық танымдық әрекеттердің қажетті психологиялық шарты болып табылады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің дамуының тағы бір психологиялық шарттары:
Танымдық үрдістер дамуының деңгейі (ұғыну, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тағы басқалары);
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігі, рефлекциясы, іс-қимыл өрісі, олардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
Оқушылардың талабы, қызығулары, бейімділіктері.
Міне курстық жұмысымыздың басты тақырыбы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы болғандықтан онда басты рөльде оқушылар ұжымы және мұғалім болады. Сондықтан да ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің дамуына әсер ететін бірден-бір тұлға – ол мұғалім.
Қосымша №1
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің педагогикалық – психологиялық жүйесі
Қосымша №2
Достарыңызбен бөлісу: |