М а 3 м ұ ны кіріспе


Кіріспе қызықтырушы кезең



бет6/10
Дата26.09.2022
өлшемі7.01 Mb.
#461406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары озгерилген

Кіріспе қызықтырушы кезең
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу
-Назарын сабаққа аудару

  • Көңіл күй фишкаларымен жұмыс

  • Әр сабақтың кезеңінен өткен сайын оқушылардың білімділік деңгейлері көңіл – күй фишкаларымен анықталып тұрады.

Қызықтырушылық сәті:

  • Балаларға «Ертегілер әлеміне» саяхат жасауға баратынымызды баяндау:

- Бүгін біз Карлсонмен танысамыз! Карлсон қай ертегідегі батыр? (Балақай және шатырда тұратын Карлсон)
Пысықтау сұрақтары:
- Карлсон қандай екен? Қане түріне,мінезіне сипаттама беріңдерші?
- Карлсон нені қатты жақсы көреді екен? (Тосап)
Онда бүгін біз Карлсонға тосап сыйлауымыз қажет, өйткені ол бізге қонаққа келіп отыр.
Біз бүгінгі сабақта Карлсонға тосап жасап беруіміз қажет. Тосапқа қажетті керек заттарды іздеп тауып алуымыз керек. Сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссаңдар, әр сабақтың кезеңінде тосапқа қажетті заттардың бәрін табамыз.Тосап жасауға дайынсыңдарма аспазшылар?
Танымдық –операционалдық кезең
1. кедергі. Қызылды-Жасылды бау -бақша:
Тосапты жасау үшін бізге жеміс-жидектер қажет. Ал, жеміс-жидектер бау-бақшасына барайық. Бау - бақшаға барар жол өте ұзақ, сондықтан жолда мен сендермен зат есім туралы білімдерімізді еске түсіріп көреміз және жол ұзақ болғандықтан 1-жаттығуды да орындап тастайық....

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Оның сұрақтары қандай?

  • Қандай нәрселерге НЕ? және КІМ? Деген сұрақтарға жауап береді?

1-жаттығудағы мәтінді оқып, бұйымдардың және ыдыс атауларын теріп жазу керек.
Бұйым аттары:
Текемет, сандық, көрпе, жастық
Ыдыс атаулары:
Тостаған, табақ, кесе, қасық, ожау, шара
2. кедергі. Ең тәттісі не? Жеміс пе? әлде жидек пе?
- Бау-бақшада жемістер, жидектер өте көп. Бірақ бізге Карлсонның жақсы көретін тосабы неден жасалғанын Карлсоннын өзінен сұрайық.


Карлсонның тапсырмасы: « Менің ең сүйікті тосабым неден жасалатынын білу үшін, менің «Жасырын сөздер» ойынымды ойнаңдар. Ойында сендер Егер дұрыс орындасаңдар менің сүйікті тосабым неден жасалатынын білесіндер
2-жаттығуды орындау
Шарты: Сөздер тобын толықтырып жазу.
Тапсырманың орындалу реті: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
1 топ – Адамның аты жөндерін;
- Жер аттарын ;
2 топ – Өзен-көл аттарын;
- Тау аттарын;
3 топ – Қала аттарын;
- Газет, журнал, үйым,топ аттырын ала отырып, мысал келтіріп жазады.
Қорытынды: - Әр сөздерге сұрақ қойыдырып, неге бас әріппен жазылғанын сұрау, тағыда қай сөздер бас әріппен жазылатынын сұрау;
- Сонымен балалар барлық жемістерден жидектерден ең Карлсонның жақсы көретіні бұл!!??.... (балалар шыққан әріптерді оқиды, дауыстап хормен айтады)
ҚҰЛПЫНАЙ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет