47
Уақыт шкаласын табыңыз. Үш философтың (Бентам, Конфуций, Зенон)
қайсысы қай уақытта дүниеге келгенін білу үшін веб-сайттағы ақпаратты
пайдаланыңыз. Бұдан соң философтардың әрқайсысы қашан дүниеге келгенін
көрсету үшін уақыт шкаласындағы жайылмалы мәзірді қолданыңыз.
№20-МӘТІН. АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
А МӘТІНІ. АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
Қысқаша мазмұны: Леокадияның
өлімінен кейін, оны сүйген Ханзада
қапалы халде болды. Ханзаданың тәтесі герцогиня «Резеда» дүкенінен
Леокадияға қатты ұқсайтын сатушы қыз Аманданы көреді. Герцогиня
Амандадан Ханзаданың жанына маза бермей жүрген естеліктерден босатуға
көмектесуді сұрайды.
Сарай саябағындағы жол қиылысы,
шағын ескерткіштің жанындағы
дөңгелек орындық, кеш батады ...
АМАНДА
Мен әлі түсіне алар емеспін. Ханым,
мен ол үшін не істей аламын? Мен
сіздің ойыңызға сене алар емеспін...
Неге мен? Жалпы мен сұлу емеспін
ғой. Тіпті солай болған күннің өзінде
де
ханзада
мен
Леокадияның
естеліктерінің
арасына кім тұра
алады?
ГЕРЦОГИНЯ
Сенен басқа ешкім.
АМАНДА,
шынайы таңырқап
Мен?
ГЕРЦОГИНЯ
Бұл өмір сондай мағынасыз, балам-
ау. Ол болуы тиіс нәрсені ғана
көреді: ым-шаралар, белгілер, ресми
сүйіспеншіліктер, әрекеттер...
саған
сол себептен бұл туралы ешқашан
айтпаған. Бірақ менің жүрегім мені
алдамайды – сені алғаш рет көрген
кезде, тіпті жылап жібере жаздадым.
Леокадияны сырттай емес, ішкі жан
дүниесін білетіндер үшін, сен –
Леокадияның дәл өзісің.
Тыныштық.
Күндізгі
құстарды
түнгі құстар келіп алмастырды.
Саябақ көлеңкелер мен құстардың
үніне толы.
АМАНДА,
өте сыпайы
Ханым, шын мәнінде бұл менің
қолымнан келетініне сенімді емеспін.
Менің ешкімім жоқ,
мен ешкім де
емеспін, ал олар ғашықтар... оның
үстіне бұл менің қиялым ғой, солай
емес пе?
Ол
құдды
кететіндей
болып,
орнынан
тұрып,
кішкентай
шабаданын көтерді.
ГЕРЦОГИНЯ,
сыпайы, бірақ қатты
шаршаған үнмен
Әрине,
жаным.
Мен
кешірім
сұраймын.
48
Ол да кәрі әйел сияқты орнынан әзер
тұрады.
Кешкі
ауадағы
велосипедтің үні естіледі; ол шошып
кетеді.
Тыңдашы ... бұл сол, ханзада! Жай
ғана ескерткішке қарай сүйеніп,
көзіне көрінсең болғаны, өйткені
Ханзада Леокадияны алғаш рет осы
жерде кездестірген. Оған сені тым
болмаса
бір рет көруіне рұқсат бер,
бұл ұқсастыққа оны таң қалдырып,
осы амалымызға сендіріп, кенеттен
саған қызығушылық танытып, айқай
салуына мұрша берші. Бұл туралы
оған ертең түсіндіріп айтып беремін.
Сол үшін мені жек көріп кетсе де –
бірдеңе жасашы, әйтпесе, ана өлі қыз
Ханзаданы
менен тез арада алып
кетеді, мен мұны білемін... (
ол қызды
қолынан алады). Сен мұны істейсің
ғой, солай ғой, иә? Сенен жалынып
сұраймын. (
Ол қызға жалынған
түрмен қарап былай деді:) Ал мына
жерден сен оны да көре аласың.
Және... Мен саған осыны айтып
тұрып
ұяттан жерге кіріп барамын,
өйткені бұл өмір –мағынасыз. Алпыс
жыл ғұмырымда үшінші рет, және
соңғы он минуттың ішінде екінші рет
мен ұяттан қызарып тұрмын. Сен
оған
көрінесің
және
таң
қалдырасың... Ол сұлу әрі тартымды,
айналада одан да нашар ер адамдар
бар ғой – егер оның жолы болса, ол
екеуміз сенің қиялыңның сәтінде
бола алсақ қой ...
Велосипедтің үні қараңғылықта
тағы да сылдырлады, бірақ осы
жолы мүлдем жақыннан шықты.
АМАНДА,
сыбдырлап
Мен оған не деуім керек?
ГЕРЦОГИНЯ,
оның қолын қысып
Жай ғана: «Кешіріңіз, мырза, теңізге
қалай
өту
керектігін
айтып
жібермейсіз бе?» деп айт.
Ол ағаштардың көлеңкесіне қарай
тығылуға асықты. Тура дер кезінде.
Анық емес бейне көрініп келеді. Бұл
өз велосипедінде келе жатқан
Ханзада. Ол ескерткіштің жанында
тұрған Аманданың анық емес
бейнесіне
қарай
жақындайды.
Аманда ақырын ғана сөйлейді.
АМАНДА
Кешіріңіз, мырза…
Ханзада
тоқтап,
велосипедінен
түседі
ХАНЗАДА
Иә, ханым?
АМАНДА
Теңізге қалай өту керектігін айтып
жібермейсіз бе?
ХАНЗАДА
Солға қарай екінші бұрылыс.
Ханзада ибалық танытып басын иіп,
мұңды
жүзімен
велосипедке
отырып,
кетіп
қалады.
Велосипедтің үні алыстан естіледі.
Герцогиня құдды бір кәрі әйелдей
көлеңкеден шығады.
АМАНДА,
ақырын ғана, біраз
уақыттан кейін нәзік даусымен
Ол мені танымады…
ГЕРЦОГИНЯ
Қараңғы болды... Оның үстіне
Леокадия
оның естелігінде қалай
49
сақталғанын кім білсін? (
Ол ұялып
сұрайды:) Соңғы пойыз кетіп қалды.
Бүгін түнде сарайда қалғыңыз
келмейді ме?
АМАНДА,
сыбырлап
Иә, ханым.
Тас қараңғы. Екеуі де қараңғыда
көрінбейді,
саябақтағы
ірі
ағаштардың арасында желдің үні
ғана естіледі.
ШЫМЫЛДЫҚ ТҮСІРІЛЕДІ.
Достарыңызбен бөлісу: