68
№28-МӘТІН. ТОҚАШ
Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты өткізу үшін
кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан
соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.
Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы
орындықта болатын. Ол
бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол
таңқалғанымен, ешнәрсе айтпады және одан әрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар
емеспін! Егер мен батылдау болғанда, міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп
ойлады.
Ол
әрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір
тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер адамның не
істейтінін көру
үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал, ол соңғы тоқашты алып,
оны екіге бөліп,
оған жартысын берді.
Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол
сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол
кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда ғана, ол
өзінің қорабы ашылмаған
тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін жоғардағы «Тоқаш» әңгімесін
пайдаланыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: