М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»


Тапсырмалар PISA халықаралық зерттеу материалдарынан жинақталып



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата17.11.2023
өлшемі2.35 Mb.
#483515
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Dauletova-N.-1-PIZA

1
Тапсырмалар PISA халықаралық зерттеу материалдарынан жинақталып 
құрастырылды. 
2
 
«АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»
біраз уақыт бойы, әдетте, 1 жыл бойы басқа елдегі қандай да бір 
отбасында тұрып оқиды
.


15 
Үміткерден не талап етіледі? Оқушыларалмасумен шұғылданатын әртүрлі 
ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы 
үміткерлердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының
қасиетіне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы 
негізгі мектепті (9-сынып) немесе 10-сыныпты бітіруі талап етіледі. 
Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда
қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда «орташа 
үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме 
өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп 
жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа 
өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек. 
Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан 
арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап 
етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға 
баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде 
үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен 
қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша жеңіл-жеплі сөйлесе алуы 
ескеріледі.
Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға 
ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушы болмайтыныңыздың себебі 
де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын 
лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы 
тиіс. 
Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл 
аударады. Әсіресе, ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді 
мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, 
кемелдену, оқуға ынтығу және ой-өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. 
Бұл қасиеттердің барлығы үміткерлермен жеке әңгімелесу барысында және 
мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Мен «алмасу оқушысы» боламын 
ба?» мақаласын оқыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет