М. Бегалиева жалпы орта білім беретін мектебі 8- сыныптың тәрбие жұмыс жоспары Сынып жетекші: А. Н. Талипова



бет3/5
Дата15.05.2024
өлшемі195.27 Kb.
#501153
1   2   3   4   5
жоспар дайын

Күтілетін нәтиже:
Жеке тұлға бойында азаматтық белсенділік, білімділік қалыптасқан Отансүйгіш, өзіндік шығармашылық қабілеті бар, Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін білетін патриот тұлғаны тәрбиелеу


Сыныпқа жалпы мінездеме


8 сыныпта 14 оқушы бар. Оның 8-і ұл, 6-ауы қыз.
Сыныптың әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі, көп балалы отбасы 5, толық емес отбасы 1, жағдайы төмен отбасы 3. Сыныптағы оқушылардың басым бөлігі көп балалы және жағдайы төмен отбасы.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейлері жақсы. Сыныптың үлгерімі 100% сапасы 50% . Оқу озаттары: Арманқызы Жансая, Нұрлыбайқызы Жансая, Рамазан Балғынбек, Шамил Сабина, оқу екпінділері: Оразбай Анжела, Самиголла Мақсат, Атырау Жайық. Сынып оқушылары ұйымшыл әрі өнерлі, мектепшілік іс шараларға белсене қатысады. Өткізген іс-шараларды өздері басқарып жүргізетіндері ұстазға көп көмек болып отырумен қатар, өз-өздерін басқара білуге де септігін тигізуде. «Тәрбие –тәртіптің құны, Тәртіп –елдің ұлы »деп Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұрпақ- саналы өмірдің-ең басты кепілі. Сондықтан сынып оқушыларына мінездеме жасалып, жан-жақты жұмыстау өзекті мәселе екенін ескере отырып, топ өз-ішінен басқару жүйеге бағындырылады.Алға қойған өз мақсаттары, ұстанымы, міндеттері өз заңдылықтары, ережелері бар. Сыныптың тіл табысып жұмыс істеу деңгейі өте жақсы.
Мектепшілік сайыстардан түрлі іс–шаралардан да қалыс қалмай, жақсы жетістіктер көрсетіп жүр. Сынып оқушылары ұйымшыл, адамгершіліктері мықты, отанын сүйетін, ұлтжанды, еліне қорған, жеріне ие болатын, үлкенге ізет, кішіге қамқор, саналы білімді, инабатты азаматтар мен азаматшалар болып өседі дегенге сенімім зор. Алайда сыныпта сабағы орта, әлі өзін көрсете алмай жүрген оқушыларда бар «Көш жүре түзеледі» демекші көш барысында түзелер деген сенімдемін. Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп жақсы жетістіктерге жетуге қойып отырмыз

ІІ бөлім.
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:



  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие

  6. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие және ақпаратты мәдение тәрбиесі

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет