М. Д. Адамбаев автоматтық басқару негіздері



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата12.10.2022
өлшемі2.26 Mb.
#462529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
bfzO7wnM2X5iG3DpLVJPWQdjKAmkZv

 
 
 



Кіріспе 
Автоматты басқару негіздері (АБН) техникалық бағытта оқитын 
студенттерге берілетін негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Бұл пән 
автоматты басқару жүйесінің жұмыс істеу заңдары мен құрылу қағидалары 
жайлы терең білімді қалыптастырады.
Жүйелерді есептеу мысалдарын қарастырмай студенттерге негізгі 
автоматты басқару теориясының нұсқауларын терең меңгеруі қиынға соғады. 
 
Ұсынылып отырған оқу құралда «Автоматты басқару негіздері» пәні 
бойынша бірқатар бөлімдер үшін есептеу мысалдары қарастырылған. 
Осыған байланысты, нұсқау материалдары автоматты басқару теориясы 
курсының негізгі бөлімдеріне сәйкес құрылған. Осылайша нақты бір бөлімді 
оқу кезінде берілген жұмыс мысалдарын өзіндік оқытушы басшылығымен 
шешу және талқылау арқылы курс материалын нақтылауға және бекітуге 
мүмкіндік туды. Көптеген типтік есептер шешімімен бірге берілген.
Оқылып отырған материалды баяндаудың осындай әдісі қазіргі кезде 
қазақ тілінде оқу құралы жеткіліксіз болғандықтан студенттер үшін пәнді 
тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
 
 



1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Типтік динамикалық 
буындар 
1.1 Негізгі түсініктемелері
 
Басқару деп қандай да бір процесті жүзеге асыруға бағытталған 
әсерлердің жиынтығын немесе нақты бір мақсатқа жету процестерінің тобын 
айтамыз. Басқару техникалық жүйелер мен тірі ағзаларға және әлеуметтік 
жүйелер (экономикалық, әкімшілік, әскери) үшін қажет. Мұнда техникалық 
жүйелерді басқару қарастырылады. 
Автоматты деп тікелей адамның қатысуымен жүзеге асырылатын 
басқаруды айтамыз. 
 
Автоматты басқару жүйесі деп қандай да бір процесті жүзеге асыру 
үшін арналған құрылғылардың жиынтығын немесе тікелей адамның
қатысуынсыз процестер тобын айтамыз. Мұндай жүйелерде адам тек қана 
алдыңғы қосу импульсін бере алады. Көп жағдайларда осы бастапқы 
импульстің өзі де автомат құрылғыларымен беріледі. 
Автоматты басқару жүйелеріндегі әсерлер.
 
Әсер деп автоматты басқару жүйесінің жұмысына әсер ететін қандай да 
бір факторды айтады. Әсерлердің келесідей түрлері болады: беруші, 
басқарушы, қоздырушы. 
 
Беруші деп басқарылатын шаманың өзгеруінің қажетті заңдылығын 
анықтайтын жүйеге енгізетін әсерді айтамыз. Беруші әсер ретінде қандай да 
бір физикалық шама қолданылады (электр кернеуі, ауа қысымы, механикалық 
орын ауыстыру және т.б.).
Басқарушы деп басқарылатын шаманың берілген заңдылық бойынша 
өзгеруін қамтамасыз ететін әсерді айтамыз. Басқарушы әсер жүйеде беруші 
әсердің көмегімен түрленеді (құрылады). 
Қоздырушы әсер деп басқарылатын шаманың берілген өзгеру 
заңдылығын бұзатын әсерді айтамыз. Қоздырушы әсерлерге басқару 
объектісінің жүктемесі; ішкі жағдайлардың өзгеруі (температура, қысым, 
ылғалдылық және басқалар), жүйенің жеке элементтерінің қасиеті, уақыт 
бойынша өзгеруі жатады. 
Процестің жүрісіне тез әсер ететін қоздырушы әсер негізгі қоздырушы 
әсер немесе негізгі қозу деп аталады. 
Процестің жүруіне жай (әлсіз) әсер ететін қоздырушы әсерлер екінші 
дәрежедегі әсерлер деп атайды, оларды ескеру қиын. Мысалы тұрақты ток 
электр қозғалтқышының өзгермейтін айналу жылдамдығын ұстап тұру 
жүйесінде басқарушы әсер қозғалтқыш якорына қосылған кернеу болып 
табылады, негізгі әсері болып білікке (вал) түскен жүктеменің өзгеруі, ал 
екінші дәрежедегі әсерлерге – электрлі және магнитті тізбектің кедергілерінің 
өзгеруі жатады. 



 
Бірлік секіріс және баспалдақты әсер. Мұндай түрдегі әсерлерге 
жүктеменің аяқ астынан түсірілуі мен жиылуы, қосылу немесе кернеуді өлшеу 
сәйкес келеді.
Бірлік секіріс математикалық түрде келесідей өрнектеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет