Экзистенциализм – нақты болмыстағы жекетұлғалылық адам тірлігіне негізделген философиялық ілім.
Экспликация – дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.
Эмпиризм – (грекше emperia—тәжірибе) таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.
Энтелехия - (грекше entelechia- аяқталу, жүзеге асу) - мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі.
Эпистема – (rpQK.epistemos білім) -нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін белгілейтін тәжіибеден бұрын берілген тарихи өзгермелі құрылымдар.
Эпистемология-философияның бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады.
Экстернализм - бұл концепцияға қарсы, ғылымга сыртқы факторлардың әcepi мықты болатын ғылым.
Экстраполяция -белгілі бip жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу.
Эпохе-феноменологиялық редукция (қыскарту) арқылы заттардың кеңістік пен уакыттың шеңберіндегі барлық өмірдегі байланыстарын «жақшаға алу», «сөндіру» құралы.
Эмпириокритицизм - («тәжірибені сынау»), яғни махизм –негізін Авенарус пен Мах қалаған субъективтік идеалистік ағым.
Эклектика -өзара іштей қабылдайтын, кейде тіпті бір- біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы туйін жасайтын әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |