М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
 



1-тарау. Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды диагности
калау және бөлшектеу, құрастыру, жөндеудің алдын алу бойынша 
жұмыстар кешені 
1.1. Күрделілігі орташа жабдықтың, агрегаттар мен машиналар 
дың техникалық жағдайын диагностикалау 
Диагностика – жүйе жағдайындағы белгілерді, сондай-ақ жүйені 
бөлшектемей, жүйе ресурсын болжамдау көмегімен жүйе ақауларының 
сипаттамасы арқылы берілетін қорытындыны, принциптері мен құралдарын 
зерттеп анықтайтын ғылым саласы. 
Техникалық диагностика – объектінің техникалық жағдайын анықтау 
теориясын, тәсілдерін және құралдарын қамтиды. 
Техникалық диагностикалау – объектінің техникалық жағдайын 
анықтау процесі. 
Жабдықтың техникалық диагностикасы - объектінің техникалық 
жағдайын анықтайды. Сараптамалық техникалық диагностикалау қызмет 
істеу мерзімінен соң немесе қауіпсіз жұмыстар ресурсын есептеуде, апаттық 
жағдайдан кейін немесе элементтердің ақауларын анықтауда, қысыммен 
жұмыс істейтін жабдықтың параметрлерін және пайдалану мүмкіндігінен 
кейінгі шарттары арқылы орындалады. 
Жабдықтың және машиналардың техникалық диагностикалау әдісін 
қолданып, әрбір жабдықтың агрегаттары мен тораптарының жағдайын 
ақпаратпен өңдеп алуға болады. 
Диагностикалаудың негізгі міндеттері: 

реттеу жұмыстары мен жинақтау бірліктерінің қалдық 
ресурстары қажеттілігін анықтау; 

машиналардың іске қосылуын бағалау, ақауларды анықтау, 
жөндеу жұмыстарының сапасы мен көлемін белгілеу; 

істен шығуды және ақауларды кейін болдырмауды анықтау. 
Жабдықта диагностикалау әдісін жүргізу. Жабдықты диагностикалау 
әдісінің келесі түрлері бар: бұзу және бұзбай. 
Бұзып тексеру (БТ) арқылы материалдар құрылысының және оның 
элементтерінің сапасы тексеріледі, сенімділік пен төзімділік шегі 
анықталады. Бұзып тексеру бақылау материалдардың сандық сипаттамасы 
арқылы айқындалады.
Бұзбай тексеру – бұл объектіні қолдану мен пайдалануда оның 
бұзылмайтын параметрлері мен сипаттамаларын бақылау. Осы әдістің 
ерекшелігі жабдықтың жағдайы мен құрылымдарының элементтерін 
диагностикалау 
сенімділігі. 
Бұзбай 
тексерудің 
келесі 
әдістері: 
ультрадыбысты ақауларды зерттеу, рентгенография, түрлі түсті және 
магнитті ұнтақпен ақауларды зерттеу, акустикалық эмиссия, металдың 
қаттылығын өлшеу, визуалды өлшеу, бақылау, ультрадыбыспен қалыңдығын 
тексеру, дірілді диагностикалау. Диагностикалау процесі манометр



вакуумметр, пьезометр, шығынды тексеру, пневматикалық калибраторлар 
және әртүрлі арнайы аспаптардың көмегімен жүргізіледі. 
Бөлек агрегаттарды, жүйелерді және тетіктерді диагностикалау 
құралдары 
мен 
әдістері 
олардың 
құрылымдары 
мен 
орындалу 
функцияларына сәйкес анықталады. 
Диагностикалық параметрлердің түрлеріне байланысты келесі 
техникалық диагностикалау әдістері қолданылады: тетіктердің үйкеліс 
өлшемін жоғалту; тетіктердің жылулық жағдайын анықтау; берілген 
өлшемнің жалғануын орнықтырып анықтау, герметикалығы мен ағылуын, 
шуылын тексеру және тетіктердің іске қосудағы дірілі және т.б. 
Жабдықтың жұмысы мен жөндеуін жабдықты диагностикалау арқылы 
қанша рет майлау-суыту сұйықтығы мен майлар шығындалғанын, 
жабдықтың қызып кетуі және т.б. алынған мәліметтер бойынша бастау керек. 
Бұл мәліметтер жабдықтың жұмыс істеу жарамдылығын және техникалық 
құралдарының көмегімен көрсеткіштерді кейін қалай тиімді диагностикалау 
керек екенін анықтайды.
Жабдықтың техникалық жағдайын тиімді бақылау әдісін қолдану 
дегеніміз дірілді диагностика әдісі көмегімен «қауіпті» механикалық 
тербелістер параметрлерін тіркеу немесе бөлшектер мен тораптардың 
ақпараттық нүктелерін табу. Жабдық бөлшектері, агрегаттары немесе, 
тораптарының жалпы спектрдегі діріл жүктемесін әртүрлі гармоникадағы 
комбинациясына сәйкес тербеліс процесіндегі құрамдас мәнін салыстыру 
арқылы техникалық жағдайының өзгеріске ұшырауына байланысты 
ақаулардың әртүрлілігін анықтау мүмкіндігі пайда болады. Бұзбай тексеру 
әдісі жабдықтың нақты техникалық жағдайын дірілді диагностикалап 
анықтау, демонтаждау жұмыстары операциясын жасамай-ақ жұмыс істеу 
ресурсын көтеріп қажетті жұмыс режиміне бейімдеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет