108
Қорытынды
«Жабдықтарды, агрегаттар
мен машиналарды жөндеу, реттеу және
сынақтан өткізу» оқу құралында:
жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды
диагностикалау, осыларды жөндеудегі жоспарлап ескерту жұмыстарының
принциптері, диагностикалау, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды
шашу және жинау, жөндеудің алдын алу сияқты өзекті сұрақтар
қарастырылды.
Бөлімдерде технологиялық жабдықтар жүйесінің
жұмыс әдістері,
жабдықты реттеу және сынақтан өткізу әдістері, қандай да бір
проблемаларды анықтау бойынша жоспарлап алдын алу жөндеулері, оларды
жою тәсілдері, өндірістік көрсеткіштерді жақсарту туралы деректер берілген.
Оқыту нәтижелерін бағалау үшін оқу құралында суреттер,
кестелер
көрнекіленіп көрсетілген, бұрын зерттелген материалдарды өз бетінше
орындау және тексеру үшін бақылау сұрақтары келтірілген.
Оқу құралы 1014000 "Машина жасау технологиясы" мамандығы
бойынша білім алушыларға арналған және 1014023 "Слесарь жөндеуші"
біліктілігіне сәйкес құрастырылған.
ПМ 03 "Жабдықтарды, агрегаттарды
және машиналарды жөндеу,
реттеу және сынақтан өткізу" модулінің мазмұны оқу нәтижелері мен бағалау
өлшемдеріне сәйкес келеді, модульді оқу барысында студенттердің алған
білігі мен дағдыларын көрсете алады. Олар өндірісте жабдықтардың,
агрегаттар мен машиналардың ақауларын
анықтау және болдырмауды өз
бетінше анықтайды, сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізеді, жөндеу
жұмыстарының техникалық құжаттарын ресімдейді,
жұмыс орнын
жоспарлау мен жабдықтауға қойылатын талаптарды орындайды, еңбек
қорғау талаптарын сақтай отырып, күрделілігі
орташа жабдықтарға,
агрегаттар мен машиналарға техникалық қызмет көрсетеді және өндірістің
нақты жағдайларында өз қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Оқу құралы 1014000 "Машина жасау технологиясы" мамандығы
бойынша машина жасау өндірісінің білікті құзыретті мамандарын даярлау
үшін оқу орындарына ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: