Механизмдерді реттеу, бекіту бөлшектерін тарту және тез тозатын бөлшектерді ауыстыру – қосылған бөлшектердің зақымдануына,
бөлшектердің үдемелі тозуының және сынуының алдын алу, жабдықта
жұмыс істеу шарттарының қауіпсіздігі, өзара қозғалатын бөлшектердің
үйкелетін беттерінің тозуы азаюына қарай, бөлшектерді өңдеудің алғашқы
дәлдігі және деформациялануына байланысты алғашқы өңделуді сақтау
немесе қалпына келтіру, жанасқан бөлшектердің бүлінуінің алдын алу үшін
орындалатын ЖТҚ операциясы
Жабдықтың геометриялық және технологиялық дәлдігін тексеру - станоктарда өңделетін өнімнің ақауын алдын алу және апаттарды болдырмау
мақсатында жүзеге асырылатын ЖТҚ операциясы.
Жабдықтың электр және электрондық бөліктерін алдын ала сынақтан өткізу - істен шығулар мен тұрып қалудың, жазатайым
оқиғалардың алдын алу және техникалық пайдалануда электр жабдығы
ережелерінің талаптарын сақтау үшін орындалатын ЖТҚ операциясы.
Резервуарлардағы, редукторлардағы және корпустардағы майлау материалдарын ауыстыру - майлау материалдарының тұтыну қасиеттерінің
төмендеуіне байланысты көп рет қыздыру және ластануын, өзара ауысатын
бөлшектердің үйкелетін беттерінің тез тозуын болдырмау үшін орындалатын
ЖТҚ операциясы
. Жабдықпен жұмыс істеген жедел кезең сағаттарының саны
барлық майлау жүйесін майлау картасымен белгіленген уақытта жүргізілуі
тиіс.
Консервациялау – істемей тұрған жабдықтың ЖТҚ операциясы, оны
тоттанудан жұмыссыз кезеңінде қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Егер
жабдықты пайдаланудағы үзілістер үш айдан асатын болса орындалады.
Жұмыс істемейтін консервацияланған жабдықты пайдалануды бастамас
бұрын оны жуу қажет. Станоктардың жұмысқа жарамдылығын сақтаудың
қажетті шарты оларды пайдалану процесінде ЖТҚ негізгі операцияларын
орындау болып табылады. Регламенттік жұмыстардың құрамы мен мерзімі
металл кескіш станоктарды пайдалану процесінде жинақталатын ЖТҚ
бойынша істен шығуы туралы ақпаратты ескере отырып, мерзімді түзетуге
болады.