М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Жөнделетін жабдықтың кинематикалық және гидравликалық



Pdf көрінісі
бет8/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

1.4. Жөнделетін жабдықтың кинематикалық және гидравликалық 
құрылым сызбалары 
Берілген агрегаттың кинематикалық сызбасына байланысты жұмыстың 
бірізділігін агрегаттың құрылымын анықтауда бөлек элементтерінің бір
біріне әсерлесуімен түсіндіруге болады. Бұл жабдық жұмысының 
сипаттамасына жатады. Мысалы, станоктың кинематикалық сызбасына, 
жалғану тәсілдері, өзара әсерлесу принциптері және әрбір детальдың жұмыс 
дәлдігі мен құрылымының жалпы элементтері кіреді. (сурет 1.12). 
Берілген және орындалу функцияларына байланысты сызбалар келесі 
типтерге бөлінеді: 
- функциональды (әрбір деталь мен тетіктердің негізгі қызметін 
түсіндіреді); 
- құрылымды (агрегаттардың барлық құрылымына байланысты); 
- принципиальды (әртүрлі бөлшектер мен басқа бөлшектердің бірізділік 
байланысын көрсетеді). 
Сызуға байланысты элементтер стандартты түрде белгіленеді. Белгілі 
станок пен агрегаттың жұмыс ерекшелігін әр бөлшегіне байланысты білуге 
болады. Кинематикалық сызбалар графикалық түрде бейнеленеді. Сызбада 
блок бөлек құрамдас (құрылғы, агрегат) бөлік болып табылады. Ол белгілі 
бір қызметті орындауға арналған. Оның ерекшелігі сол, функциональды 
қызметіне байланысты ұсақ бөлшектерге бөлінбейді. Мұндай элементтерге: 
шестерня жиынтығы, бір немесе бірнеше валдар түрі, электр жетегінде 
қолданылатын орнықтырылған подшипниктер жатады. 


14 
 
Сурет 1.12. 16К20 токарлық винт кесуші станоктың кинематикалық 
сызбасы («z» - әрбір шестерняның тістер санын көрсетеді). 
Бөлшектер арасындағы байланыс сызығы берілген кесіндінің 
қалыңдығы мен ұзындығын көрсетеді. Ол құрылғылар мен басқа 
бұйымдардың арасында байланыс тетігі бар екенін білдіреді. Егерде бұл 
байланыс өте қатты жалғанған болса, онда құрылымы звеноға бірігеді. 
Біріккен бөлшектер мен звенолар бірыңғай жиналса, онда оны орнықтыру 
деп атайды. Кинематикалық сызба айналу қорегінің бұралу моментін 
станоктың (жетек), автокөліктің және басқа жабдықтың жұмысшы органына 
берілістің бірізділігін беру арқылы анықтайды. Кинематикалық сызбаны 
құрастыруынан бастап жобалау, істен шыққан әр жабдықты жөндеуден тез 
өткізуге мүмкіндік береді. 
Жабдықты жасау берілу құрылымынан басталады. Әр жабдықтың 
құрылымы құрылымдық сызба түрінде беріледі. Құрылымдық сызбаның 
негізінде жабдықтың бірінші жинауын алғашқы кинематикалық сызба 
арқылы негізгі өлшемдерімен анықтайды. Құрылымдық сызбаны жабдықтың 
ұсынылған элементтерінің шартты белгілеріне сәйкес құрастырады. 
Құрылымдық сызбаны жасау үшін жетектен бастап берілістердің бірізді 
жалғануына, валдың жұмыс органдарына және тетіктердің шартты 
белгіленулерін бейнелеп сызу (сызықпен немесе ұштап) арқылы көрсетеді. 
Құрылымдық сызбада жетектің қуатын, вал жетегінің және машина валының 
айналу жылдамдығын, арасындағы беріліс санын валдың кезекті нөмірін 


15 
(римдік санмен), орындаушы тетіктердің атауын, сонымен қатар валға 
қондырылған жұмысшы органдардың атауын (әдетте соңында немесе 
сызбаның тармақталу тұсында) белгілейді. 
Машинаның құрылымдық сызбасы жетек энергиясын тетіктерге 
таратады. Машинаның жалпы пайдалы әсер коэффициентін анықтауда 
осындай сызбалар өте ыңғайлы. 
Кинематикалық сызба машинаның жаңасын құрастыруда және ескі 
машинаны модернизациялауда немесе зерттелінуінде (талдауда) сызылады. 
Машинаның кинематикалық күшін есептеу негізгі құжат болып 
саналады. Машинаны пайдалану нұсқаулығы мен сипаттамасы міндетті 
түрде қосымшасына кіреді. Әрбір инженер кинематикалық сызбаны түсініп 
оқи білу керек және оны тез әрі нақты сыза білу қажет, өйткені машинаның 
жұмыс істеу принципі, құрылымсыз және құрамысыз пайдалану кезіндегі 
шартты тезірек түсінуге мүмкіндік береді. 
Кинематикалық сызба машина элементтерінің жазықтықтағы және 
перспективада барлық тетіктерінің, звеноларының өзара әсерлесуін, 
тетіктердің жалғану ретін, орналасу бейнесін көрсетеді. 
Машина элементтерінің сыртқы сұлбасын графикалық қарапайым 
шартты белгіленулермен сызбада белгілейді. Кинематикалық сызба машина 
бейнесіндегі сұлбаға кіргізіледі. 
Күрделі машинаның толық кинематикалық сызбасын сапалы сызу өте 
қиынға соғуы мүмкін, өйткені жетектің (трансмиссии) кинематикалық 
сызбасы мен циклді орындаушы тетіктердің әрекеті бөліп сызып бөлек 
құрастырып алу керек. Бұлай бөлу машина жетегі мен трансмиссия үшін де 
жеке құрылымды құрайтыны белгілі, тетіктер кинематикасы басқа машина 
тетіктеріне қарағанда бөлек құрастырылуы керек болғандықтан тәуелсіз 
сызылғаны дұрыс. 
Жетек тетіктерінің беріліс қатынасы режимдерін анықтағанда 
тұрақтылықты қажет етеді. Бұл механизмдер үздіксіз берілетін тетіктер 
болып табылғандықтан, олар бір бағыттағы үзік тетіктерде болуы мүмкін. 
Соңғы жағдайда олардың жұмысы машина тетіктерінің жұмысымен 
байланысты болу керек. 
Кинематикалық сызба – тетіктер моделі звенолардың негізгі 
геометриялық спитаттамасы мен құрылысын көрсетеді. 
Кинематикалық сызбада тетіктер құрылысын масштабпен де 
масштабсызда сыза береді. Бірінші рет кинематикалық сызба қажетті 
тетіктердің барлық пармметрлерін (звено ұзындығын, шарнирлардың орта 
ара қашықтығын, қозғалмайтын бағыттауыштың ара қашықтығын, 
звенолардың арасындағы бұрыштарды және т.б.) кинематикалық зерттеу 
арқылы көрсетеді. Сызуды күрделілетпеу үшін кинематикалық сызбада 
тетіктердің құрылымдық ерекшелігі көрсетілмейді. 
Звенолар мен керту әдісін қолдана отырып, графикалық пакеттің 
көмегімен тетіктің кинематикалық тізбегін масштабпен сызу керек. 
(КОМПАC, AutoCAD). 


16 
Машиналарды бейнелеу үшін гидравликалық, пневматикалық, 
электрлік аралас сызбаларды қолданады. Қолданылуына байланысты 
сызбаның түрлері құрылымдық, функционалдық, монтаждық, қосылу, 
жалпы, орналасу болып бөлінеді. 
Машинаның функциональды негізгі бөлігінің құрылымдық сызбасында 
оның белгіленуін, өзара байланысы көрсетіледі; машин элементттері 
тікбұрышты болып, ұштарындағы сызықтармен байланыстырып бейнеленеді. 
Функционалды 
сызба 
өңделетін 
дайындаманың 
құралымен 
байланысын, базалық, берілісін және басқа машина элементтері көрсетіледі 
(лақтырылмайтын, жоңқа қабыдаушылар және т.б.). 
Гидрожетек гидравликалық энергия қорегінен тұрады - сорғы
гидроқозғалтқыш және желіні қосушы (құбыр өткізгіші). 
Гидравликалық сызбада (сурет 1.13) жарты құрылымды (а) және 
қарапайым гидрожетек сызылып көрсетілген, сондағы сорғы 2 электр 
қозғалтқышымен келтірілген 11, бактағы сұйықтықты сорып алып 1 одан соң 
сүзгішпен 4 гидрожүйеге беріледі, максималды қысым реттелетін күшпен 
сақтандырғыш клапан серппесімен шектеледі 3 (манометрмен бақыланады 
10). Тездетілген тозуды болдырмас үшін немесе сақтандырғыш клапанның 
қысыммен сынып кетпеуін реттеу үшін сорғытың номинальды қысымы 
жоғары болмауы керек. 
Таратқыш 
тұтқасының 
орналасуына 
байланысты 

құбыр 
өткізгішіндегі жұмыс сұйықтығы (гидрожелі) 6 цилиндрдің бір камерасына 
құйылады (поршеньді немесе штокты) 7, поршень мен штокты жұмысшы 
органымен бірге қозғалтып 8 «V» жылдамдықпен, қарсы камерадағы 
сұйықтық таратқыш арқылы 5 және реттелген кедергі (дроссель) 9 бакқа 
жылжытады. Толығымен ашық тұрған дроссельде және цилиндрдің жұмыс 
органына түскен азғантай жүктемеге барлық жұмыс сұйықтығы құйылады, 
сорғыпен берілген қозғалыстың максималды жылдамдығы, ал сүзгіштегі 
жоғалған жұмыс қысымының мәні 4, аппаратта 5 және 9, цилиндрде 7 
гидрожеліде 6 анықталады. Дроссельді жауып 9, жұмысшы органды толық 
тоқтату үшін жылдамдықты азайту керек. Бұл жағдайда (поршеньге тірелген 
цилиндрдің қақпағын немесе жұмысшы органдағы жүктемені шектен тыс 
көбейту керек) гидрожүйеде қысым көтеріледі, сақтандырғыш клапанның 
шаригі 3, серіппені қысып, сорғыпен берілген жұмысшы сұйығы орнынан 
ауытқып кетеді (сорғыпен беріліс), жартылай немесе бакқа максималды 
жұмыс қысымы сақтандырғыш клапан арқылы өтеді. Бактағы жұмысшы 
сұйықтығы көп қуатты жоғалтқаннан ұзақ іске қосылып тұрса тез қызып 
кетеді. 


17 
 
 
а) 
 
 
 
 
 
 
 
б) 
Сурет 1.13. Қарапайым гидрожетектің гидравликалық сызбасы: 1 - жұмыс 
сұйықтығына арналған резервуар - бак; 2- гидравликалық энергия көзі - 
сорғы; 3 - гидроаппаратура бағыттауышы – клапан; 4 – жұмыс ортасын 
желдеткіш – сүзгі; 5 – таратқыш; 6 – құбыр өткізгіштер; 7 - 
гидроқозғалтқыш – цилиндр; 8 – жұмысшы орган; 9 – дроссель; 10 – бақылау 
аспабы – манометр. 
Жабдықтардың гидрожетектерін қысымы бойынша, реттеу тәсілімен, 
айналдыру түрімен, басқару және бақылау әдісімен жіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет