М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет15/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89
Бисенбаева

этномәдени лексиканы құрайды. Ал жалпы мәдениет, этномәдениет, адамсыз, 
адамның еңбегінсіз жасалмайды. Мәдениет – адамның саналы іс-әрекетінің 
жемісі, ал тіл сол нәтижені адам ақыл-ойының даму үдерісінде көрсетіп, 
танытып отырады. Әр тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті, әр халықтың өзіне тән 
салт-дәстүрлі мәдениеті болатыны белгілі. Мәдениет ұғымы мен мәдениеттің 
шығу негізі жайында философтардың пайымдауына қарағанда: «Мәдениеттің 
негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат 
алып отырады» [2,326-б.]. Еңбектің күрделенуі белгілі ұлттың әлемді танып, 
оның қыр-сырын меңгеруі арқылы ұлттық санасының кеңеюімен, 
дүниетанымының жетілуімен байланысып жатады, сондықтан «мәдениет – 
адам қызметінің жемісі» саналады, адамның өмір сүру үдерісіндегі қажеттілігін 
өтеуге негізделеді. Осыған орай: «Мәдениет қандай түр алса да, адамдық 
мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам 
мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып 
табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық 
саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. ... Мәдениеттің 
ерекшелігі сол: ол – тек объективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан 
алғанда, объективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі – оның 
шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті 
қызметі негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады, «мәдениет 
туындысы дегеніміз – адам тұрмысының затқа айналған мәні» [2,329-б.],- деп 
анықталады. Олай болса, қай этностың да мәдениеті дайын зат ретінде, заттық 
түр ретінде өмір сүреді деп, топшылауға болады. Әдетте, материалдық 
мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнері мұралары арқылы белгілі 


30 
болса, рухани мәдениет: кітап, қолжазба, қылқалам шығармалары арқылы, 
сонымен қатар, өлең-жыр, ауыз әдебиеті үлгілерінде көрініс табады. Бұның 
барлығы – әр дәуірдегі адамның ақыл-ой, дүниетанымының жемісі, «мәдениет 
субъектісі – адам» өзінің алдындағы осы мәдени мұраны зерттеп, зерделеп 
жетілдіріп, дамытып отырады. Сол себепті мәдениеттің қай түрінде де, «Заттың 
мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек» [2,329-
б.],-деп есептеледі. Зат-құбылыстың адамдық сипат алуы адамның дүниені 
танып-білуінен тұрады. 
Сөйтіп, философтардың пайымдауынша, материалдық және рухани 
мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі де адам қызметінің 
нәтижесі болып табылады, оның бастауында «рухани басы – адамның 
материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр». 
Дегенмен мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу көбінесе шартты 
түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бірімен-бірі 
сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдыққа немесе руханиға жатқызуға 
болмайтын мәдениеттің бірқатар түрі бар (экономикалық, саяси, экологиялық, 
эстетикалық) [22,9-б.]. Материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттің 
«шарттылығына» байланысты М.Бижанова: «... материалдық мәдениетке 
жататын киіз үй және оның жабдықтары, тұрмыстағы пайдаланылатын 
бұйымдар рухани мәдениетке жататын қолданбалы өнермен, қолөнерімен 
астасып жатады. Ол тек баспана немесе тұтынылатын зат қана емес, олардағы 
таңбалар мен рәміздерден сол халықтың дүниетанымын, салт-дәстүрін аңғаруға 
болады» [23,9-б.],-дейді. 
Ұлт мәдениетсіз болмайды, ұлттық мәдениетті танытушы құрал Тіл 
екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Осы мәселеге қатысты, 
З.Қ.Ахметжанова: «Этнический Ренессанс современных научных исследований 
проявился в повышении интереса к проблеме взаимодействия национальной 
культуры и языка, наиболее существенным аспектом которой выступает 
рассмотрение культурного пространства этноса сквозь призму языка. Этот 
аспект мы обозначили как культура в зеркале языка» [24,3-б.],-дейді. 
Мәдениет тілде таңбаланады, сондықтан да тіл – мәдениет көрінісі, мәдениетті 
таныту құралы болып табылады. Мәдениеттің таңбалық сипаты дегенде, оның 
тілдік таңба семантикасы арқылы айшықталуы деп түсінуге болады. Тілдік 
таңба мен мәдени таңба арасындағы сабақтастық этномәдени мазмұн арқылы 
пайымдалады. Тіл – тек мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілде 
мәдениеттің арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап 
тұратын ұлы күш сақталады. Мұндай арқауы берік жалғастық пен 
сабақтастықты З.Қ.Ахметжанова этнос дамуының кепілі санайды [24,7-б.].
Мәдениет тілде таңбаланады дегенде, мәдени мазмұнның тілдік таңбалар 
арқылы берілуін, оның тілдік таңбалардағы көрінісін айтады. Бұл қажеттілік 
қазіргі тіл ғылымындағы антропоөзекті бағыттың жаңғыруына себеп болды, 
осыған орай, тіл ғылымы өзінің даму барысында тілді зерттеудің амал-
тәсілдерін жетілдірумен қатар, бағыт-бағдарын да жетілдіріп келеді. Б.Қалиев 
антропоцентризмнің 
адамның 
дүниені 
танудағы 
ролін 
көрсететін 


31 
философиялық термині екенін айта келе, оның: «дүниенің, әлемнің бәрі адам 
үшін адамның игілігі үшін» деген ұғымға саяды. Дүниетанымның негізгі 
категориясы 
ретінде 
қарастырылатын 
философиялық 
көзқарасты 
қалыптастырады. Яғни антропоцентризм – дүниені, тілді адами тұрғыдан, адам 
үшін түсіндіретін концепция» екенін көрсетеді. Б.Қалиұлының пайымдауынша, 
тілді антропоөзекті бағытта зерттеу деп, тілді сол тілдің иесі болып табылатын 
адаммен, оның ақыл-ойымен, парасатымен, дүниетанымымен, философиялық 
көзқарасымен, ұлттық мәдениетімен байланыстыра зерттеуді ұғуға болады, 
өйткені тіл дүниені бейнелеп қана қоймайды. Тіл адамның танымы мен 
білімінде өз қолтаңбасын, ізін қалдырады, сол арқылы дүниенің тілдік бейнесін 
жасайды [25,6-б.]. В.Г.Колшанскийдің сөзімен айтқанда: «Тілді жасаған – адам. 
Адам тіл үшін емес, тіл адам үшін қажет. Адам тілді жасағанда, өзіне қызмет 
етсін деп жасайды» [26,201-б.]. 
«...Жеті шелпектен ауыз тиген соң бұл алақанын жайып құран оқыды
Сосын орнынан тұрып, жайқала басып кухняға беттеді. Соңынан келіні де ерді. 
Ақ шайнек пеш үстінде шырт-шырт түкіріп тұр. Тас құманнан бір хош иісті бу 
бұрқырайды. Әлгі таңсық иіс тағы бар. Әншейіндегі құбақай кухняға бүгін бір 
бөлекше берекет дарығандай (Ә.Кекілбаев). Мәтіндегі жеті шелпек, алақан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет