өмір суреттері, тыныс-тіршілік бейнесі: а) молшылық, берекелі тұрмысты білдіретін фразеологизмдер. Жалпыхалықтық әдеби тілде қой
үстінде бозторғай жұмыртқалаған (ұялаған) заман тіркесі «бейбіт, тыныш,
молшылық заман орнады» дегенді білдіреді. Ал аймақтық лексикадағы қойы
тауға жайылып жатты – шаруасы сай, тұрмысы жақсы (Шахи қойы тауға
жайлып жатқан адам (Түрікм.,Таш.) фразеологизмі аталған тіркеспен
мағыналас келеді. Жатқан ел жайылған мал – бейбіт ел (Шығ. Қаз., Больш.).
Қой мың, жылқы жүз болу – көңілі тоқ, уайым-қайғысы жоқ болу (ҚХР). Бұл
ерекше суретті тұрмыс-салты басқа халық өкіліне елестету қиын. Қай жұрттың
болмасын арманы – бейбіт, тыныш өмір, оны қой жануары арқылы көрсету
қазақ дүниетанымына жат емес, керісінше жайлау сәні, жуас, қоңыр мінезді
жануардың емін-еркін жайылу сәтімен астарластыра бейнелеу – ерекше бояу,
ғажап көрініс, халық бейбіт, тыныш, берекелі өмір көрінісін күн көрісінің
негізгі арқауы арқылы суреттейді [126,14,17-24-бб.]. Қара жүзбайдың үйіне
қонғанша, сары жүзбайдың жұртына қон – пейілі тардың балын ішкенше, пейілі
кеңнің қара суын іш (ҚХР ). Аузы асқа, ауы атқа толу – тұрмысы, күн көрісі
оңалу (Арқар жалақ күн көріспен ғана қалтылдап келіп, азаттықтан соң аузы
асқа, ауы атқа толған (Ғ. Қанапияұлы). Ежелдің ен күнінде – бейбіт заманда,
тыныш кезде (Ежелдің ен күнінде де барламаппын, ит жанды екенмін
(Ғ.Қанапияұлы). Қазанына қаспақ біткен – байыған, дүние біткен, мал біткен
(ҚХР). Жамбасына алтын жамбы салып жатқандай – молшылық, молшылыққа
кенелу (ҚХР). Толыны төгіп ортаны шайқау – байлықты қалай болса солай
төгіп-шашу (ҚХР). Талабы тай жеген бөрідей – талабы таудай (Нұрбайдың
талабы тай жеген бөрідей екен (Қост., Жанг.); ә) қиыншылық, таршылық көріністерін бейнелейтін фразеологизмдер. Ақ үйлі болып кету – азып-тозу,
қиыншылыққа ұшырау (Рес.,Орын.). Ала дорбасы алдына түсу – қайыр сұрау
(Ит жылы талайдың - ақ ала дорбасы алдына түсті (Гур., Маң.). Бас ауған, таяғы
тайған – қаңғырып жүре беру, басы ауған жаққа кету. Қоламта басқан тауықтай
– тыпырлап қалу, өрлеп-құлдилап шабу, ары-бері жүгіру (ҚХР). Жанын қолына
ұстау – басын бәйгеге, қауіп-қатерге тігу, өлімге тәуекел ету (ҚХР);