Оқылым. (1 балл) 1-тапсырма



бет1/6
Дата04.04.2024
өлшемі25.8 Kb.
#497701
  1   2   3   4   5   6
Емтих үлгі мәтіндер


АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ


(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін Т1)
5-сынып.
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы алғаш рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іс-сапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-ға таяған шағымда 5 елді көргенмін, бірақ өзімнің ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
Тапсырманы орындау.
Нақты ақпараттар: саяхатқа қызығушылықтың оянуы бала кездегі тауға шығудан басталған. Саяхатқа шығуды шетел көру деп ойлаған. 30-ға жас келгенде іргесіндегі Көлсайды көрмей, 5 шет елді көргенін түсінген. Туған жерді аралау әлем танудың (саяхаттың) басы деп бағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет