135
Салт-дәстүрдің қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойына жинақталған
жүйелі әрекетінің жемісі, этностық мәдениетінің құрамдас бөлігі, ол – міндетті
түрде сақтауды, ұстануды қажет ететін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
құбылыс. Арутюнов С.А. салт-дәстүрлердің бәрі де кезінде жаңалық
(инновация) болған деп есептейді [157, 97-98-бб.].
Оның ішінде ұлттық
бағалауға ие болғандары халықтық сипат алып, салт-дәстүрге айналуы мүмкін.
Салт-дәстүр әдет-ғұрып, жөн -жоралғы жиынтығынан тұрады.
Әдет-ғұрыпқа
адамдардың күнделікті тұрмыстағы стереотипті әрекеті жатады. Ал ритуал
таңбалық сипатқа ие көп жағдайда практикалық негізі жоқ құбылыс, сондықтан
салт-дәстүр әдет-ғұрыпты түгел қамтиды. Оған үйлену
салтының зәнақы
(қалың мал) мысалын алуға болады. Жамбыл облысында зәнақы «қалыңмал»
дегенді білдіреді. Экспедициялық материал мазмұнына қарағанда, зәнақы –
көне сөз (Ол кезде күйеудің қызға бірден зәнақы
беруге шамасы келмейтін
(Жамб., Жуа.). Көне түркі заманынан келе жатқан бұл ұғымды білдіретін қалың
мал сөзінің архетипті қазіргі күні этнографияда жаңғыртылып түсіндіріліп жүр,
алайда халық оның үйлену салтының ажырамас бөлігі ретіндегі символдық
мәнін ғана ұстанады [89,263-б.]. Сол сияқты
қалындықтың сәукеле киюі,
шымылдық құрылып, шымылдық ішіне отырғызылуы да ритуал – рәсімдеріне
жатады. Қазіргі кезде
бұл ритуал жаңғырып келеді, өйткені оған деген
қажеттілік бар.
Достарыңызбен бөлісу: