М. В. Семенова Оқытушы туралы мәлімет



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі471.34 Kb.
#176044
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4

15-тақырып. Саид Баязитов шығармашылығы

С.Баязитов өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында балалар психологиясының ерекшелігін бейнелеу шеберлігі. «Күтпеген кездесу», «Арал робинзондары», «Алтын кілт», «Майлы қалам», «Том Сойердің туысы», «Уәде», «Тәтті қауын», «Көгілдір үйрек әңгімесі» шығармаларының тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Сюжеті мен композициясы. Повестегі балалар бейнесі, характерлерінің ашылуы.



16-тақырып. Молдахмет Қаназов шығармашылығы

М.Қаназов шығармашылығының зерттелуі. «Чика-Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» шығармаларының идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Жазушы шеберлігі. Балалар характерін ашудағы жазушы шеберлігі. М.Қаназовтың авторлық позициясы.



17-тақырып. Қазақ балалар прозасы (Сайлаубек Жұбатаров, Бекен Ыбырайымов, Нәсіреддин Серәлиев, Қалмақан Әбдіқадыров т.б.)

Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» С.Жұбатаровтың «Алыстағы аралдар», «Отты өткел», Б.Ыбырайым «Саян», Н.Серәлиевтің «Жеңешем, шешем және мен» повестерінің идеялық, тақырыптық, тілдік, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Повестердегі кейіпкерлер жүйесі.



18-тақырып. Қазақ балалар драматургиясы

Қазақ балалар драматургиясының қалыптасу, даму сипаты. 1970-80 жылдардағы балаларға арналған драмалық шығармалар. 1990-2000 ж.ж. қазақ балалар драматургиясының мәселелері.


Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер. 19 ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті.

Қазақ балалар әдебиетінің балалардың жас ерекшелігіне қарай бөлінісі. Бесік жыры мен тұсау кесу жыры. Төрт түлік мал туралы өлеңдері. Жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдердің танымдық, тәрбиелік мәні. Хайуанаттар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясы, көркемдігі. Орта ғасырдағы балалар әдебиеті.



2-тақырып. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті.

XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің ерекшелігі. М.Өтемісұлы жырларындағы ұлттық сипаты. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің классигі. Ана, бала тақырыбына жазылған өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат, өнер-білім тақырыбына арналған өлеңдері. Ыбырай әңгімелері, еңбек тақырыптары. Шәкәрімнің білім, ғылым туралы өлеңдерінің көркемдік мәні. Мәшһүр Жүсіптің адамгершілік тақырыбына арналған өлеңдері.



3-тақырып. 20 ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма) С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.

XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалр әдебиеті. С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров табиғат туралы өлеңдері. Б.Майлинннің өлеңдерінің көркемдігі. «Түйебай» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. М.Дулатов және қазақ балалар әдебиеті. Балалар әдеббиеті туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың балаларға арналған әңгімелерінің көркемдігі. М.Жұмабаев және қазақ балалар әдебиеті. Қ.Кемеңгерұлының қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы ғалым және балалар ақыны.



4-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы еңбектері. «Жетім» әңгімесіндегі психологизм. «Көксерек» повесінің тақырыбы мен идеясы. Кейіпкерлер әлемі. Автор позициясы. С.Мұқановтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.



5-тақырып. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов шығармашылығы.

С.Бегалиннің шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі мен автор позициясы. М.Иманжановтың әңгімелерінің көркемдігі мен тілі. С.Бегалин, М.Иманжанов шығармаларының зерттелуі.



6-тақырып. Сәуірбек Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі.

С.Бақбергенов «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестеріндегі кейіпкерлер әлемі, сюжеті, тақырыбы мен идеясы. Автор шығармаларының зерттелуі.



7-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Түрманжанов шығармашылығы Мұзафар Әлімбаев, М.Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы

Қазақ балалар поэзиясының қалыптасу, даму ерекшелігі. Өтебай Тұрманжановтың өлеңдерінің көркемдігі, тақырыптық-идеялық ерекшелігі. Ө.Тұрманжановтың «Орман ертегі», «Құмырсқалар, аралар, қиыспас дос-құдалар» ертегі-поэмасының ерекшелігі. М.Әлімбаев өлеңдерінің көркемдігі. Ақын шығармаларының зерттелуі. М.Жаманбалинов және балалар әдебиеті. Ақын юморлық, сатиралық өлеңдері. Ақынның табиғат лирикасы.



8-тақырып. Ә.Дүйсенбиев, Ж.Кәрбозин, Б.Ысқақов, Қ.Ыдырысов, Н.Әлімқұлов шығармашылығы.

Ә.Дүйсенбиев шығармашылығының зерттелуі. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған өлеңдері. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған өлеңдердің танымдық-көркемдік сипаты. Б.Ысқақовтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі поэмасы және Рабғузидің «Қисса сұл-әнбие» шығармасы. Қ.Ыдырысовтың «Әке жолы» реалистік поэмасындағы әке тағдыры. Н.Әлімқұлов өлеңдеріндегі бала бейнесі.



9-тақырып. Ә.Табылдиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Қ.Баянбай шығармашылығы.

Ә.Табылдиевтің өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәні. Табиғаттағы түрлі жан-жануар, құстардың бейнесі. Ж.Смақов – балалар әдебиетінің шебері. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік, идеялық сипаты. Қ.Мырзалиев шығармашылығының зерттелуі. Т.Молдағалиев өлеңдеріндегі табиғат суреттері Қ.Баянбай өлеңдерінің идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері. Балалар лирикасындағы балалар өмірінің, табиғат құбылыстарының, жан-жануар, хайуанаттар, құстар, аңдардың бейнеленуі.



10-тақырып. Е.Өтетілеуұлы, А.Асылбеков, А.Сопыбеков, Қ.Жұмағалиев, Е.Елубаев шығармашылығы

Е.Өтетілеуұлының өлеңдерінің көркемдік, тақырыптық-идеялық ерекшелігі. А.Асылбеков өлеңдерінің көркемдік, тақырыптық-идеялық мәні. А.Сопыбеков өлеңдерінің ұлттық, танымдық ерекшелігі. Қ.Жұмағалиев өлеңдерінің көркемдігі. Е.Елубаев өлеңдерінің ұлттық, көркемдік, танымдық ерекшелігі.



11-тақырып. С.Қалиев, Н.Жанаев, Е.Ерботин, Ж.Қашқынов, С.Әлімқұлов, Н.Аитов, Ж.Әдірашев, Ө.Ақыпбеков шығармашылығы.

Сұлтан Қалиев, Нұрхан Жанаев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбековтердің өлеңдеріндегі бала бейнесі. С.Қалиев, Е.Ерботин, Н.Аитов өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы, көркемдігі мен тілі.



12-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі

Қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік сипаты. Қазақ балалар ақын-жазушыларының авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесінің тақырыбы мен идеясы. Повестегі психологизм. Қожа, Жанар, Жантас бейнесінің сомдалуы. Повестің көркемдігі. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі автор тұлғасы және авторлық позиция.



13-тақырып. Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы

Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. Әңгімелерінің тақырыбы, идеясы, көркемдігі.



14-тақырып. Марат Қабанбаев шығармашылығы

М.Қабанбаев өмірі мен шығармашылығы. «Пысық болдым, мінекей», «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді» повестеріндегі бала бейнесі.



15-тақырып. Саид Баязитов шығармашылығы

С.Баязитов шығармаларының сюжеті мен композициясы, кейіпкерлер әлемі, характері. Автор шығармашылығының зерттелуі.



16-тақырып. Молдахмет Қаназов шығармашылығы.

М.Қаназовтың «Чика-Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» шығармаларындағы балалар бейнесі. Тақырыбы. Идеясы.



17-тақырып. Қазақ балалар прозасы (С.Жұбатаров, Б.Ыбырайымов, Н.Серәлиев, Қ.Әбдіқадыров т.б.).

Қ.Әбдіқадыров, С.Жұбатаров, Б.Ыбырайым, Н.Серәлиевтің повестеріндегі кейіпкерлер жүйесі. Қ.Әдбіқадыров, С.Жұбатаров, Б.Ыбырайым шығармашылығының зерттелуі. Б.Ыбырайым «Ой мен сөз» еңбегінің маңызы.



18-тақырып. Қазақ балалар драматургиясы.

Қазақ балалар драматургиясының қалыптасу, дамуы. Балаларға арналған интермедия, скетч, пьесалардың көркемдігі.



Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.



  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.


С¤Ж мазм±ны




С¤Ж т‰рі

Есеп беру формасы

Баќылау т‰рі

Саѓат кµлемі

1

Дєріс сабаќтарын өңдеу




Сабаќќа ќатысу

5 (1х5)

2

‡й тапсырмасын орындау

Ж±мыс дєптері

Сабаќќа ќатысу

9 (1х9)

3

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

Конспект

Коллоквиум

20

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы ќорѓау

7

5

Баќылау шараларына дайындыќ




РК 1, РК 2

4

Барлыѓы

45


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік сипаты. Балаларға арналған төрт-түлік жайында өлеңдерді талдау. Өтірік өлеңдердің бала танымын дамытудағы рөлі. Хайуанттар жайындағы ертегілердің балдырғандар мен білдіршіндер тілін жетілдірудегі ықпалы. Батырлар жырының бала қиялын ұштауда әсері.

¦сынылатын єдебиет: [1], 1-30 беттер, [2], 13-72 беттер, [3] 5-20 беттер, [25] , 5-30 беттер..

2. М.Әлімбай – қазақ балалар әдебиетінің классигі. Ақын туындыларын шетел балалар әдебиетінің ақындары туындыларымен салыстыру. М.Жаманбалинов – қазақ балалар әдебиеті классигі. Ақын туындыларын шетел балалар әдебиетінің ақындары туындыларымен салыстыру.

¦сынылатын єдебиет: [7], 1-136 беттер, [8], 1-79 беттер, [9], 1-76 беттер, [15],102-111 беттер, [19], 109-119 беттер, [20], 36-49 беттер, [24], 30-80 беттер, [29], 60-81 беттер, [33], 70-90 беттер, [38], 45-62 беттер.

3. Ә.Дүйсенбиев («Бәтеңке, шұжық, балқаймақ»), Ж.Кәрбозин («Менмен балапан», «Көшпелі тымақ»), Б.Ысқақов («Отан», «Оқушы отыр ойланып»), Қ.Ыдырысов («Оралдың олжасы», «Қап, қап, қармағым»), Н.Әлімқұлов («Бесік жыры», «Шебер») өлеңдеріне әдеби-қисындық талдау.

¦сынылатын єдебиет: [14], 1-44 беттер, [10], 1-9 беттер, [20], 105-111 беттер, [21], 30-35 беттер, [22], 101-230 беттер, [23], 3-25 беттер, [24], 35-80 беттер,

4. Ә.Табылдиев («Жалқау туралы ертегі», «Диқан тауық» ертегі), Ж.Смақов («Қол шана», «Мазасыз әтеш»), Қ.Мырзалиев («Түйме және түйедей қыз»), Т.Молдағалиев («Кімнен «тудың»), Қ.Баянбай («Араша», «Ұя») өлеңдеріне әдеби-қисындық талдау, шығармашылығының зерттелуі.

¦сынылатын єдебиет: [11], 1-80 бет, [15], 117-129 беттер, 140-146 беттер, [19], 207-214 беттер, 242-246 беттер, [20], 111-118 беттер, 123-132 беттер, 132-141 беттер, [21] , 150-230 беттер, [24], 82-114 беттер, [29], 185-197 беттер, 218-235 беттер, 239-258 беттер, 260-278 беттер, 278-298 беттер, [38], 234-245 беттер.

5. Е.Өтетілеуұлы («Бүркіт»), А.Асылбеков («Тұсаукесер»), А.Сопыбеков («Түтіндік»), Қ.Жұмағалиев («Ең ақылды, ең әдемі, ең күшті, ғажайып құс туралы ертегі»), Е.Елубаев («Мінездеме») өлеңдеріне әдеби-қисындық талдау, шығармашылығының зерттелуі.

¦сынылатын єдебиет: [6], 1-13 бет, [15], 165-185 беттер, [16], 1-50 беттер, [20],148-168 беттер, [24], 15-70 беттер, [29], 347-359 беттер, [38], 139-158 беттер.

6. С.Қалиев («Жаңа жыл кешінде»), Н.Жанаев («Түрлі мамандық»), Е.Ерботин («Жанкүйер», «Сүрлеу»), Ж.Қашқынов («Әтеш пен тауыс»), С.Әлімқұлов («Сыбызғы»), Н.Аитов («Шыбыннның сапары»), Ж.Әдірашев («Абай-біздің бабамыз»), Ө.Ақыпбеков («Наурыз») өлеңдеріне әдеби-қисындық талдау, шығармашылығының зерттелуі.

¦сынылатын єдебиет: [5], 1-64 беттер, [15], 185-199 беттер, [17], 1-79 беттер, [18], 1-48 беттер, [24], 15-114 беттер, [29], 375-528 беттер, [38], 139-158 беттер.

7. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінде Қожа характерін ашуда жазушы шеберлігі. Повестегі психологиялық суреттеулер. Автордың юморлық сөз қолданыстары. Повестегі бейнелегіш-мәнерлегіш құралдарға картотека жинақтау. «Балалық шаққа саяхат» повесінде кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы жазушы шеберлігі.

¦сынылатын єдебиет: [15], 95-99 беттер, [19], 246-254 беттер, [20],49-58 беттер, [26], 37-50 беттер, [27], 15-32 беттер, [28], 25-31 беттер, [34], 1-91 беттер, [38], 62-74 беттер.

8. Сансызбай Сарғасқаевтың «Бүршік жапырақ жаяды» повесіндегі жаазушы шеберлігі. Жазушының позициясы. Повестің тілі. М.Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді» повестеріндегі жазушы суреткерлігі. Повестегі балалар бейнесі.

¦сынылатын єдебиет: [19], 223-242 беттер, [20], 63-70 беттер, [26], 27-36 беттер, [27], 31-47 беттер, [28], 37-46 беттер, [38],158-180 беттер.

9. Саид Баязитовтың «Күтпеген кездесу», «Арал робинзондары» шығармаларындағы уақыт шындығы. М.Қаназовтың «Чика-Дабылдың баласы» повесінде оқиғаның психологиялық тұрғыдан берілуі, заман шындығының бейнеленуі.

¦сынылатын єдебиет: [20], 94-98 беттер, [27], 101-111 беттер, [28], 152-161 беттер.

10. Б.Ыбырайымның балалар әдебиеті туралы зерттеу, сын-еңбектерін конспектілеу. Қазақ балалар драматургиясы (Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбай, М.Жаманбалинов, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Баянбай т.б. ақындарының драмалық шығармалары).

¦сынылатын єдебиет: [4], 3-120 беттер, [25], 10-50 беттер. [27], 3-250 беттер, [28], 1-100 беттер, [38],158-180 беттер.


Реферат тақырыптары

1 Қазақ балалар фольклорының зерттелуі

2. Қазақ балалар поэзиясының зерттелуі

3. Қазақ балалар прозалық ертегісінің зерттелуі

4. Қазақ балалар әңгімелерінің зерттелуі

5 Қазақ балалар повестерінің зерттелуі

6. Қазақ балалар поэмасының зерттелуі

7. Қазақ балалар драматургиясының зерттелуі


Курс жұмысының тақырыптары

  1. Өтебай Тұрманжанов ертегілерінің ерекшеліктері

  2. Мүбәрак Жаманбалиновтың балалар поэзиясы

  3. Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясы

  4. Әнуарбек Дүйсенбиевтің балалар поэзиясы

  5. Сапарғали Бегалин әңгімелері

  6. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі

  7. Саид Баязитовтың шығармашылығы. Әңгімелері. Повестері

  8. Қазіргі қазақ балалар лирикасының дамуы (1990-2000 ж.ж.)

  9. Қазіргі қазақ балалар поэмасының дамуы (1990-2000 ж.ж)

  10. Қазіргі қазақ балалар лирикасының дамуы (1960-1980 ж.ж.)

  11. Қазіргі қазақ балалар поэмасының дамуы (1960-1980 ж.ж)

  12. Қазіргі қазақ балалар драмалық шығармалары (1960-1980 ж.ж)

  13. Қазіргі қазақ балалар драмалық шығармалары (1990-2000 ж.ж)

  14. Есентай Ерботиннің балалар поэзиясының ұлттық сипаты

  15. Өтепберген Ақыпбековтің балалар лирикасы.


Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

050205-«Филология: қазақ филологиясы»

«Қазақ балалар әдебиеті» пәні


1 рейтинг (6 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

11

15

11

15

11

15

11

11

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

Д 1

Д 2

Д 3

Д 4

Д 5

Д 6

Д 7

Д 8

16

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Тәжірибешілік сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ТС 1

ТС 2

ТС 3

ТС 4

ТС 5

ТС 6

ТС 7


ТС 8

56

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

7

7

7

7

7

7

7

7

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ 2

ҮТ 3

ҮТ 4

ҮТ 5

ҮТ 6

ҮТ 7

ҮТ 8

25

Бақылау формасы

К1

К2

К3

К4

К5

К6

К7

К8

Макс. балл

3

2

3

2

4

3

4

4

Қосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3







3

Бақылау формасы




Р1




Р2




Р3







Макс. балл




1




1




1








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет