102-сурет. JK-триггерінің сұлбасы
103-сурет. RS триггерінің сұлбасы
104-сурет. 2Т-триггерінің сұлбасы
а)
ә)
Зертханалық жұмыстың тапсырмасы
- Асинхронды RS-триггерінің жұмысын модельдеу, ол үшін 106-суретіне сәйкес модельдеу сұлбасын жасау керек. RS-триг- герінің блогын (RS, Flip-Flop) Simulink\Blocksets&Toolboxes\ Simulink Extras\Flip-Flops\ кітапханасынан табуға болады. Сол жерде синхроимпульстердің блогы да бар (Clock), оны модель- деу сұлбасындағы кіріс сигналдарын жасау үшін қолдану керек. (Scope) осциллографтарының блогтарында RS-триггерінің кіріс және шығыс сигналдарының графиктерін алып, триггердің қыз- мет етуінің дұрыстығын тексеру қажет. Зертханалық жұмысы- ның есеп беруінде модельдеу сұлбасы мен триггердің кіріс және шығыс сигналдарының алынған графиктерінің суретін салу ке- рек. Графиктерді салу барысында масштаб және осьтерді белгі- леуді пайдалану қажет.
- T-триггердің жұмысын модельдеу, ол үшін модельдеу сұл- басын 106-суретке сәйкес жинау керек. T-триггер ретінде J, К кірістеріне логикалық бірлік сигналдары жіберілетін әмбебап JK-триггерді (JK-Flip Flop) қолдану керек. JK-триггерді SimuIink\Blocksets& Toolboxes\Simulink Extras\Flip Flops\ кітап- ханасынан табуға болады. Онда (Clock) синхроимпульстерінің блогы да бар (Clock), оны модельдеу сұлбасындағы кіріс сигнал- дарын құрау үшін қолдану керек. (Scope) осциллографтарының блогтарында Т-триггердің кіріс және шығыс сигналдарының графиктерін алып, триггердің қызмет етуінің дұрыстығын тексе- ру қажет. Зертханалық жұмысының есеп беруінде модельдеу сұлбасы мен триггердің кіріс және шығыс сигналдарының алын- ған графиктерінің суретін салу керек.
- D-триггердің жұмысын модельдеу, бұл үшін 105-суретте көрсетілгендей модельдеу сұлбасын құрау. D-триггер ретінде әмбебап JK-триггерді (JK-Flip Flop) қолдану керек, оның J, K кірістеріне кері таңбалы ақпараттық сигналдар жіберіледі. D-триггердің кіріс және шығыс сигналдарының графиктерін алып, триггер қызметінің дұрыстығына көз жеткізу керек. Зерт- ханалық жұмысының есеп беруінде модельдеу сұлбасы мен триггердің кіріс және шығыс сигналдарының алынған графикте- рінің суретін салу керек.
213
Достарыңызбен бөлісу: |