М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Linux ОЖ жүйелік дискісін қалыптастыру Жұмыстың мақсаты



бет128/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

5.4. Linux ОЖ жүйелік дискісін қалыптастыру Жұмыстың мақсаты: LINUX – сыртқы құрылғылары бар
және жүйелік және инсталляциялық дискілердің жүйесінің әсер ету принциптерін зерттеу болып табылады.
Файлдық жүйені монтаждау және демонтаждау
Әр файлдық жүйе бір түбірлі каталогтан, оның ішкі каталог- тарынан және файлдардан тұрады. Файл жүйелері файл тарма- ғына mount командасы арқылы тіркеледі. Бұл команда бар файл жүйе тармағынан (монтаждау нүктесі деп аталатын) каталогты алады және оны қосылатын файл жүйе тармағының түбірлі като- логы етеді. Мысалы, mount/dev/sd0a/users командасы /dev/sd0a құрылғысында орналасқан users файл жүйесін монтаждайды. Is/users командасынан кейін бұл файлдық жүйенің мазмұнын кө- руге болады. Осылайша, LINUX жүйесінде тұтас файлдық жүйе каталогтардың бірегей тармағы болып көрсетіледі.
Балама ретінде желілік файл жүйесі монтаждалады, келесі мысалда беріледі.
Мысалы:
mount host.asu.ugatu.ac.ru:/users /husers
Бұл жерде /users желілік дискі host.asu.ugatu.ac.ru машина- сында /husers каталогын монтаждайды.
Файлдық жүйені демонтаждауды umout командасымен
орындауға болады. Ол үшін файлдық жүйеде оны пайдаланушы ашық файлдар мен процестер болмауы керек, яғни ол бос болуы керек.
/Users файл жүйесін кері монтаждау мысалы
umount /users
CD-ROM дискісін орындалып отырған команда жүйесіне қосу: mount /cdrom
Дискті шешу үшін оны командамен кері монтаждау керек:
umount /cdrom
255

Mount функциясының форматы файл жүйесін анықтайтын және келесідей мәнге ие болатын (-t) белгісімен t кілтін қоса алады:
vfat немесе msdos – FAT негізіндегі файлдық жүйе;
ext2 – UNIX типіндегі файлдық жүйе;
minix – POSIX стандартына сай келетін әртүрлі платформа- лармен әрекеттесетін файлдық жүйе;
qnx – QNX файлдық жүйесінің типі, тек оқуға арналған:
ufs – BSD файлдық жүйесі, тек оқуға арналған;
ntfs – Windows NT файлдық жүйесі, тек оқуға арналған. Сондай-ақ тәжірибелік бірнеше файлдық жүйелер де бар,
мысалы, ext3 –журналды файл жүйесі, extfs – криптографиялық
қорғанысы бар файлдық жүйесі және т.б.
Мысалы, DOS-қа, /media/floppy каталогына форматталған монтаждалған дискеттер:
mount –t vfat/dev/fd0/media/floppy
немесе mont/media/floppy
Бұл жерде /dev/fd0 – файлдың жүйелік атауы – иілгіш дискі- лердегі құрылғылар.
LINUX жүйесінде форматталған иілгіш диск келесідей түрде монтаждалуы мүмкін.
mount –t ext2 /dev/fd0/mnt/a


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет